top of page
С.Мұқанов. Ботагөз.jpg

Мұқанов Сәбит.

Таңдамалы шығармалар. Ботагөз. Роман.- Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2020.- 464бет.

Алғаш рет 1938 жылы «Жұмбақ жалау» деген атпен жарық көрген бұл роман 1948,1953,1968 жылдардағы басылымдардан өңделіп, толықтырылып «Ботагөз» деп аталды. Роман Қазақстанда кеңес өкіметі орнауының тарихи-әлеуметтік себеп-салдарларын жан-жақты қамтиды.

С.Мұқанов. Мөлдір махаббат .jpg

Мұқанов Сәбит.

Таңдамалы шығармалар. Мөлдір махаббат. Роман.-Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2020.- 496бет.

Ең алғаш «Адасқандар» деп 1931, 1935 жылдары жарық көрген бұл роман 1969,1961 жылдардағы басылымдарында көптеген өзгерістер мен түзетулер енгізіліп «Мөлдір махаббат» деп жарияланған.  Бұл роман соғыстың ауыр кезеңінде бүр атқан мөлдір махаббатты бейнелейді.

С.Мұқанов. Жарқын жұлдыздар .jpg

Мұқанов Сәбит.

Таңдамалы шығармалар. Жарқын жұлдыздар. Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2020.-400бет.

«Жарқын жұлдыздар» атты зерттеу еңбегінде С.Мұқанов халқымыздың екі ұлы перзенті – Шоқан мен Абайдың өмірі мен шығармашылығы жайында ой толғайды. Осы кітабы үшін ол Қазақ КСР Ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығын алған.

С.Мұқанов. Сұлушаш.jpg

Мұқанов Сәбит.

Таңдамалы шығармалар. Поэмалар.- Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2020.-432 бет.

С.Мұқанов қазақ поэзиясының  поэма жанрында да өнімді еңбек еткен. Өлеңмен жазылған романы «Сұлушаш» 1928 жылы жеке кітап болып шыққан.

С.Мұқанов. балуан Шолақ.jpg

Мұқанов Сәбит.

Шығармалар жинағы.- Алматы: «Өлке» баспасы, 2012.-448бет.

Сәбит Мұқановтың бұл кітабына жазушының «Балуан Шолақ» романы  енгізіліп отыр. Шығарма негізіне күрес, тартыс жолдарының баяндалуында қазақ өмірінің өзіне ғана тән суреттерінің молдығы, қаһармандар арасында тартыстың желісі «Балуан Шолақ» қазақ әдебиетінің елеулі туындылары қатарына қосады. Қуғыннан қашып құтылмақ болған Нұрмағанбет- Балуан Шолақ әрекеті осыған дәлел.

bottom of page