top of page

Қазақ совет әдебиетіндегі Сәбит Мұқановтың алатын орнын айтып, дәлелдеп жатудың еш қажеті жоқ қой деймін. Өйткені бүгінгі ұрпақтың кәрі-жасы Мұқанов есімімен әліпті таяқ  деп танып, көркемдік әлемінің сиқырлы дүниесіне осынау есімнің жетелеуімен алғаш қадам басты десек еш асырып айтқандық болмайды. Жиырмасыншы жылдарда әлі де хат тани қоймаған қазақ ауылдары «Сұлушашты» ауыздан ауызға жаттап айтса, отызыншы жылдарда енді-енді хат тани бастаған еңбекші халық «Адасқандарды» ежіктей отырып, тамсана оқыды: онан кейінгі қырқыншы, елуінші, алпысыншы,жетпісінші жылдарда бірінен-бірі кем түспес «Жұмбақ жалау», «Ботакөз», «Балуан Шолақ», «Сырдария», «Өмір мектебі», «Аққан жұлдыз», толып жатқан драмалық шығармалары, поэзиясы өзінше бір бүтін дүние еді.

Сәбит Мұқановтың творчестволық жолы да, қоғам қайраткері ретіндегі азаматтық жолы да талай-талай ұрпаққа үлгі-өнеге болары анық.

Сайын Мұратбеков

С.Мұқанов.jpg
bottom of page