top of page

Шөлейт-шөлде, қараша үйде туыппын

Шөлейт-шөлде, қараша үйде туыппын,
Панасында кереге мен уықтың.
Тұңғыш рет пәк тәнімді жуыппын,
Сарша белде, соған мәңгі жуықпын.
Жөргегінде мейірмандық бесіктің,
Дер кезінде дүниеге кеп, өсіппін.
Туып шөлде, бірақ, көлде есіппін,
Кез боп селге – теңізіне несіптің.
Тосып соған өр кеудемді керейін,
Ой тұйығын терең бойлап көрейін.
Өнерімді сарқа сарқып берейін,

Халық

Тұңғыйық, тұнық кең теңіз,
Өтеді, тасқын көшеді,
Сарқылмас теңіз – бір халық.
Толқында жүзген кемесіз,
Толқынға қарсы еседі,
Толқынға соғып ырғалып.
Кемеге күшті сенеміз,
Тағдырды кеме шешеді,
Керемет кеме ол, – бір алып.ары белімді өлеңіме бөлейін  

Әке мен бала

Жүгірді бала жалбаңдап,
Жұмыстан қайтқан әкеге,
Білді ме, қайдам, арқалап,
Бүгінгі істен шырайды
Келешегін әкеле
Жатқанын сол әкенің;
“Конфетіңді же”, – деп сұрайды;
Әке де босап деді “мін!”,
Иыққа ұлын қондырып,
– Қаларсың, көке, болдырып,
Түсейін, – деді баласы.
– Бес жылдың жүгін толтырып,
Қажыған жоқ иығым;
Көзімнің ағы-қарасы –
Көтерсем сені тынығам,
Отыра бер, – деді әке;
Бала бір кетті әндете

Жүрегім менің тұңғыйық

Жүрегім менің тұңғыйық,
Бойлағанға Байқалдай,
Көктей мұхит кең мұхит,
Қалар ма, сірә, байқалмай!
Арай атқан алтын таң –
Бейне жанған гауһар тас.
Таң нұрындай шалқыған,
Сол бір теңіз сарқылмас.
Отанымның нұры ғой,
Жүректе теңіз – көл болған.
Тербеген соны терең ой,
Жүзермін талай мен оған

Сәуле

 

Көрем дәйім алтын сәуле,
Өңімде де, түсімде.
Ойдағы ма, қалай әлде?
Жүрем бақтың ішінде.
Бақтың іші тегіс жеміс,
Уылжыған бәрі де.
Ерке жаным еліктегіш,
Албыртады бәріне.
Термек болған, мен балдырған, –
Алманы да, өрікті.
Сол жеміске нәр алдырған
Сәнді сәуле көрікті.

 

bottom of page