top of page

Әлімқұлов әңгімелерінің қаһармандарының сарыжайлау, самал жел төскейдегі, көк балаусалы көл жағасындағы бейқам тірлігінің өзі неткен драма; әр сәті, әр сағаты, тамырының әр бүлкілі ұшқын атып, от шарпып жатқан жоқ па? Бұл  - суреткер жаны. Суреткер Әлімқұловтың көрсетуінше, осындай бір сағат таппайтын ләззат пен азап толқыны алма – кезек шарпыған, аумалы – төкпелі тұңғиық құбылысқа, рухани сергектікке, азаматтық белсенділікке толы жан. Оның бір күнінен – бүкіл  өмірі, бүкіл заман дидары көрініп тұратындай.

                                                                                       Тахауи Ахтанов, жазушы 

 

Тәкен қайтқалы да талай жыл өтіпті. Біз білетін Тәкен туралы әңгіме бір таңға бітпейді. Бірақ, мұның таң қалатын несі бар, әр ұрпақ өзінің Тәкенін ашады. Әр буын көкем салған сүрлеулерді жаңаша таниды, басқа тұстан келіп табады. Жаңғыра бермек, жасара бермек, жаңара бермек дүние...

Есенғали Раушанов.

Өлеңге ерекше ғашық болған адам. Өзін ақынмын деп есептеді. Жырларында Тәкеннің тағдыры, трагедиясы, қасіреті, қайғысы, жалғыздығы, жалқылығы түгел бейнеленген.

                                                                                   Мархабат Байғұт, жазушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері.

    Ал, қазіргі қазақ әдебиетінде нағыз өнерпаздық өрістен болса, соның бірі – Тәкен Әлімқұлов. Тәкен әңгімелері ғана емес–ау, бүкіл творчествосын көзге елестетсек, сөз саптауымен де, ой түйгенімен де түйсік –түсінігімен де ұлттық жазушы.

                                                                     Төлеген Тоқбергенов жазушы, әдебиет сыншысы 

bottom of page