top of page
Болмысы кең даладай байтақ жан
Қазақ әдебиетінің қазынасына сүбелі үлес қосқан, көркемсөз өнерінің зергері Тәкен Әлімқұлов қазақ аударма тануының қалыптасуына да ықпал етті. Т.Әлімқұлов тек қана жазушы, әдебиет зерттеушісі ғана емес, шебер аудармашы ретінде де татымды мұра қалдырған қаламгер. Жалпы, Т.Әлімқұлов ең бастысы аударма шығарманың әрпін емес, рухын жеткізіп, сөзді аударып сірестіріп қоймай, түпнұсқадағы ой-пікірді дұрыс жеткізу қажеттілігін баса айтады. Шығарманың интонациясын беретін тіл, образ, стиль ерекшеліктерінің сақталуына да назар аудартады.
bottom of page