top of page
4da37564cee77cd06d5043a19a0075d7.png

Әлімқұлов Тәкен

Көп томдық шығармалар жинағы,  1 том

Томға автордың "Телқоңыр", "Сарыжайлау", "Сары сыбызғы" сияқты әңгімелері, "Қаратау" повесі енген.

8bd8dde4fb2ad4bf381d564deeb5339f.png

Әлімқұлов Тәкен

Көп томдық шығармалар жинағы,  2 том

Ұлы  жазушы Т .Әлімқұловтың шығармалар жинағының ІІ томына «Кертолғау», «Қос күйші», «Қаралы қобыз» сияқты өнер тақырыбындағы әңгімелерімен  қатар , «Араша», «Қақпақыл» сияқты хикаяттары еніп отыр.Қаламгер қазақ әдебиеті мен мінезін ауыл өмірінің ұғыл – шұғылын құнарлы тілмен баяндайды

25cb952e2e859e0d4a3526c385d18e1e.png

Әлімқұлов Тәкен

Көп томдық шығармалар жинағы,  3 том

Белгілі қаламгер ,қара сөздің хас шебері Тәкен Әлімқұловтың шығармалар жинағының бұл томына жазушы ертеректе жазылған шағын  болса да көтерер жүгі мол әңгімелері , «Көк қаршыға», «Күржік»хикаяттары енді.

Сан қырлы талант иесі әртүрлі тақырыпқа қалам тарта отырып , білімділігін білгірлігін танытады. Туындылары сонымен құнды да қызықты.

fa933259ac4aa0c161b24155d5410d85.png

Әлімқұлов Тәкен

Көп томдық шығармалар жинағы,  4 том

Көрнекті жазушы Тәкен Әлімқұлов шығармаларының кезекті томына  «Қара жаяу», «Дүбәра» хикаяттары , новеллалардан құралған «Замана екпіні»романы енді. Бұл шығармаларға Қазан төңкерісінен кейін қазақ ауылында орын алған өзгерістер, сахара өмірінің сан алуан оқиғалары өзек болады.

59edb6dedc867dce6e3fbb296204cb3b.png

Әлімқұлов Тәкен

Көп томдық шығармалар жинағы,  5 том

Тәкен Әлімқұлов шығармалар жинағының V-томына «Сейтек сарыны»  хикаяты  мен  «Ақбоз  ат»  романы  еніп  отыр.  Күй  мен тұлпар  тағдыры  жазушының  қайта-қайта  оралып  соғатын тақырыптары болса да, қызықтыра, түрлендіре жазады.

Әр туындыны жазушы жаңа бір мәнермен, өзгеше бір тәсілмен баяндайды.  «Ақбоз  ат  романы»  Т.  Әлімқұловтың  қарымы  мол қаламгер екенін паш етеді.

cafd90c362f2f13f3b94c5bbd9caac1f.png

Әлімқұлов Тәкен

Көп томдық шығармалар жинағы,  6 том

Тәкен  Әлімқұловтың  шығармалар  жинағының  бұл  томына «Қобызшы Қорқыт» романтикалық дастаны мен «Жұмбақ жан», «Жемісті жолда» және «Қасым Аманжолов» сияқты сыни-зерттеу еңбектері еніп отыр. «Жұмбақ жан» — Абай туралы терең де іргелі зерттеу еңбек. Бұл  туындының  әлі  күнге  дейін  ұлы  ақын  туралы  жазылған еңбектердің ішіндегі шоқтығы биік екенін айта кеткен жөн.

abf85be02e787ddda44836e2142dd36a.jpg

Әлімқұлов Тәкен

Көп томдық шығармалар жинағы,  7 том

Белгілі жазушы, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік тұлғаларының бірі Тәкен Әлімқұлов шығармалар жинағының 7-томына «Темп эпохи» атты романының орыс тіліндегі нұсқасы мен баспасөзде жарық көріп жинақтарға енбеген туындылары еніп отыр.

Т.Әлімқұлов.Әдебиет әлемі.jpg

Әлімқұлов Тәкен

Әдебиет әлемі.

Аса көрнекті қазақ жазушысы ,көркемсөз зергері Т.Әлімқұловтың таңдамалы жинағына қаламгердің әңгімелері ,хикаяттары сонымен бірге «Ақбоз ат» романы, «Жұмбақ жан» зерттеу кітабы еніп отыр .Автордың өнер туралы жазған туындылары қазақ әдебиетінің алтын қазынасына қосылған сүбелі үлес болып табылады.

cover.png

Қырғызбаев. Ө.

Тарланбоз Тәкен.

Тәкен Әлімқұловтың балалық, жастық шағы өткен кіндік кескен туған жерін шығармаларына алтын арқау, өміршең өзек етіп, соңғы демі біткенше теріскей өлкесін жырлап өткен асқақ үніне арналады.

bottom of page