top of page
Болмысы кең даладай байтақ жан
Шығармалары 1945 жылдан жариялана бастаған. Алғашқы өлеңдер жинағы «Сапар» деген атпен 1950 жылы жарық көрген. Қаламгердің «Жазғы жаңбыр», «Қаратау өрнектері» өлеңдер мен поэмалары, «Сейтек сарыны», «Туған ауылда», «Күрең өзен», «Кертолғау», «Шежірелі сахара», «Көкек айы» әңгімелер мен повестер жинағы, «Ақбоз ат», «Тұлпардың тағдыры», «Ел мен жер», «Замана екпіні» романдары шыққан. Абай Құнанбаев туралы «Жұмбақ жан» зерттеу еңбегін жарыққа шығарған. Көркем аударма саласында М.Лермонтовтың «Измаил бей» поэмасын, П.Павленконың «Бақыт», Г.Николаеваның «Орақ үстінде» романдарын, Э.Сент-Экзюперидің «Кішкентай шаһзада» ертегісін, сондай-ақ А.Пушкиннің, В.Маяковскийдің, Низамидің өлеңдерін қазақ тіліне тәржімалаған.
bottom of page