top of page
2 001.jpg

Ж. Ыбыраев

Бауыржан Момышұлы. Майдан жыры мен сыры. - Алматы: «ҚазАқпарат» баспасы, 2018 -380 бет.

  Белгілі журналист, жазушы Жүніс Ыбыраевтың бұл жинағына қазақ халқының барыр ұлы, Ұлы Отан соғысында өшпес ерлік көрсеткен қолбасы Бауыржан Момышұлы жайлы деректі әңгімелері еніп отыр.Автор архивтік материалдарды ақтарып көп ізденіп, салмақты еңбек жасаған.Бұл кітаптың өскелең жас ұрпақтың батыр Бауыржан бейнесін тани –білуіне, отансүйгіштік сезімін қалыптастыруға септігін тигізері даусыз.

1 001.jpg

      Қаһарман

Бауыржан Момышұлы: Фотоальбом. –Алматы: «Өнер» баспасы, 2008. -192 бет.

  Қазақ халқының ұлы перзенті, қаһарман жауынгер, даңқты қолбасшысы, Кеңес Одағының Батыры, әйгілі жазушы Бауыржан Момышұлы –ХХ ғасыр биігінде тұрған дара тұлға.

   Бауыржан Момышұлы соғыстан соңғы жылдарда аса көрнекті жазушы ретінде танылды.Оның қаламынан шыққан әскери және көркем шығармалар, роман –әңгімелер, хикаяттар ел игілігіне айналды.

     Халық перзентінің 100 жылдық мерейтойына орай шығарылы отырған бұл фотоальбомда хас Батырдың тұлғасына көне дүние көмейінен келіп қонған қаһармандық мінез бен оның жайнаған жастық шағы, соғыс алапаты,қан майдан мен Жеңіс туын ұстаған тарихи кезеңдер, соғыстан соңғы өмірі мен Баукең дүниеден өткеннен соң оралған Қазақстанның Тәуелсіздік рухы архивтік фотосуреттер, деректер мен фотоқұжаттар арқылы қамтылды.

bottom of page