top of page

     Қалай деген де Бауыржан Момышұлының ел ұғымында толымды, жинақы, тұтас соғыс бейнесі қалыптасқан. Бұл – соғыс қаһарманы ғана емес, сонымен бірге жарқын да жалқы, қайта тумас азаматтың бейнесі. Оған енді жазушы Момышұлы деген атақты қосқанда алуан қырлы алып тұлғаның өзі шығар келер еді.

Тахауи Ахтанов

 

     Баукең – табиғаттың перзенті... Ол кітаптарымен отаншыл үзеңгі жолдастарын, қатардағы жауынгерлерді дәріптесе, жұрт оның өзің аңызға айналдырған.

Тәкен Әлімқұлов

 

    Адамгершілік, азаматтық, парасаттылық, ерлік, сұлулық жағынан Баукең – менің ұлы ұстазым. Мені Баукең тәрбиеледі. Қалыптасуыма тікелей өзі көмектесті.

Олжас Сүлейменов

 

     Егер жазушы, не ақын болсам, көк күмбезді қағаз етіп, көкала дарияны сия етіп, «Батыр Бауыржан» деген хикая жазған болар едім.

Мәлік Ғабдуллин

 

      Мен қазақтардың арасынан Бауыржанмен салыстұруға келетін жан таппай жүрмін. Бәлкім, таппайтын да шығармын.

       Ол шыншыл, тік мінезді ашық-жарқын жан... Ол өз солдаттарын қатал, бірақ әкелік мейіріммен сүюші еді. Өз командирінің еркін орындау мен Отан алдындағы перзенттік борыштарын өтеу үшін гвардеецтер қажетті сәттерге өлімге барудан да тартынбайтынын білетін Бауыржан солдаттардың басын еш уақытта оққа орынсыз тосқан емес.

Дмитрий Снегин

bottom of page