top of page

Жайлыбай. Ғ.

Жүрегімнің жұлдызы. Жыр кітабы. – Алматы: Шартарап, 1996 – 153 бет

Қазақ ақындары  жыр  мүшәйрасының бірнеше  мәрте  жеңімпазы Ғалым  Жайлыбай – өлеңге өмірден келген  жігіт. Бұл жинақта  жас ақынның балалық, жастық, махаббат тақырыбына жазылған  жырларымен  қоса ел  мен  жердің тағдыры жайлы  толғаныстары  топтастырылған. 

Ғалым жырлары орнықты  ойымен, сұлу  сазымен, қарапайым да табиғилығымен  ерекшеленеді.

Жайлыбай Ғ.

Бір тал үкі. Өлеңдер  мен поэма – толғаулар / Ғалым  Жайлыбай. – Астана: Фолиант, 2014.- 384б.

Қазақтың  көрнекті ақыны, Халықаралық « Алаш» әдеби сыйлығының  лауреаты, Ресей  Жазушылар  ұйымының  Сергей  Есенин  атындағы алтын  медалінің  иегері  Ғалым  Жайлыбайдың «Бір  тал үкі» атты бұл  жинағына  соңғы  жылдары  жазған таңдаулы  туындылары  енгізілген.  Қашанда өленді өмір  сурттерімен, ашық  бояумен  елестететін  қаламгер  жаңашылдығы – оның тілінде, бейнелік  сипатында.

Көркемдік  көрігінен  шыққандай  жинақ  көпшіліктің  де көңілінен  шығады  деп  сенеміз.

Жайлыбай Ғ.

Таңдамалы 1-том. – Астана: Фолиант, 2014.

 Көрнекті ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының  лауреаты, Ресей  Жазушылар  ұйымының  Сергей  Есенин  атындағы  алтын медалінің  иегері  Ғалым  Жайлыбайдың  бұл жинағына қаламгердің  әр  жылдары  жазған  таңдаулы  туындылары  енгізілген. Қашанда өлеңді өмір суреттерімен, ашық  бояумен  елестететін  қаламгер  жаңашылдығы – оның  тілінде, бейнелік  сипатында.

Көркемдік  көрігінен  шыққандай төрт  бөлімнен  тұратын жинақ  көпшілік көңілінен  шығар деп сенеміз.     

Ғалым Жайлыбай.

Таңдамалы 2 том. Астана: Фолиант, 2014.

ISBN: 978-601-7568-47-4

Қазақтың көрнекті ақыны Ғалым Жайлыбайдың шығармалар жинағының бұл томына әр жылдарда жазылған өлең, толғау, поэмалары топтастырылған. Әдеби қауымнан бағасын алған «Ақ сиса», «Қара орамал» секілді дастандары бүгінгі қазақ әдебиетінің жұлдызды шығармалары санатында.

Сондай-ақ, бұл кітапқа бірнеше аудармалары да еніп отыр. Азаматтық лирикамен қоса ақынның махаббат, балалық шақ, табиғат тақырыбына жазған жырлары шынайы да сыршылдығымен ерекшеленеді.

Ғалым Жайлыбай

Ақ сиса. "Библиотека Олжаса", 2013.

ISBN:978-601-7315-46-7

Қазақтың көрнекті ақыны, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Ресей Жазушылар ұйымының Сергей Есенин атындағы алтын медалінің иегері Ғалым Жайлыбайдың «Бір тал үкі» деп аталатын бұл жинағына қаламгердің соңғы жылдары жазған өлең, поэмаларымен қоса таңдаулы туындылары енгізілген. Көркемдік көрігінен шыққандай төрт бөлімнен тұратын осы жинақ көпшілік көңілінен шығар деп сенеміз. Бұл кітапқа сондай-ақ орыс, қазақ тілдерінде ақынның бірнеше өлеңдері еніп отыр.

bottom of page