top of page

      Б.Өтешов атындағы үлгілі аудандық балалар кітапханасында «Отбасымен оқимыз» клубы 2011 жылдан бастап жұмысын жүргізіп келеді. Жетекшісі кітапханашы Нығманова Сандуғаш. Отбасылық клуб мынандай іс –шаралар атқарып отырады: «Жақсы деген немене, жаман деген немене» сұрақ жауап ойыны, «Ертегілер марафоны» ертегілер әлеміне  саяхат, «Аталы сөз, баталы сөз» танымдық сағат, «Әкем және анаммен кітап оқып өсем мен» әңгіме сағаты, «Ең үздік оқырман» оқырман бенифисі, Е.Елубаевтың «Көк жейде» кітабынан  жұмбақтар жасыру. «Отбасымен оқимыз» клубының  мақсаты балаларды кітапханаға тарту, кітапқа деген құрмет, сүйіспеншілікті қалыптастырып дамыту, болашаққа өз үлесін  қоса білетін ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу кітап әлеміне жас оқырмандарды  ата- аналарымен бірге тарту.

     Кітапхана ұжымы отбасылық оқу дәстүрін жаңғырту мақсатында, «Отбасымен оқимыз» клубы жұмысынан басқа да шаралар ұйымдастыруда: солардың ішінде отбасылық абонемент қызметі жөнінде айта кеткен дұрыс. Мысалы, баланың уақыты болмай жатса, оған қажет кітапты әжесі отбасылық абонемент арқылы жаздырып алып, уақытын ұзартып,  қайта әкеліп тапсыра алады.

bottom of page