top of page

     Қожамберлина Раушан Серғалиқызы 1986 жылы Жаңаарқа ауданында туған. 2004- 2008 жылдары Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университетін ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша оқып бітірген. 2016 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университетінің «Кітапхана ісі» мамандығына түсті. Еңбек жолын 2009-2013 жылдар аралығында аудандық үлгілі балалар кітапханасында инженер-жүйелік технигі қызметін атқарды. 2013 жылдан бастап, аудандық С.Сейфуллин атындағы үлгілі кітапханасының электронды қызмет көрсету бөліміне ауысты. 2017 жылдың 1сәуір айынан бастап Б.Өтешов атындағы аудандық үлгілі балалар кітапханасының меңгерушісі болып тағайындалды.

 

     Нығманова Сандуғаш Теміртайқызы 1974 жылы 28 маусымда Қарағанды облысы Жанаарқа ауданының Атасу поселкасында дуниеге келді. 1995жылы Қарағанды каласындағы Мәдени- ағарту училищесін бітіріп, (Кітапхана ісі) мамандығына ие болған. 1994 жылдан бастап Аудандық кітапханада кызмет көрсету бөлімінде кітапханашы болып жұмыс істеді. Осы жұмыста өзінің ұзақ жылдар бойы өлкеміздің оқырмандарына ұлттық және рухани мұраларды насихаттау, кітапқа деген қызығушылығы, көркем әдебиетінің дамуы барасындағы жаңа бағыттарды байқау енбегі байқалды. 2009 жылдан бастап Б.Өтешов атындағы үлгілі балалар кітапханасының қызмет көрсету бөлімінде аға кітапханашы болып қызмет істейді.         

 

     Ускенбаева Шынар Түлкібайқызы 1986 жылы Жаңаарқа ауданында туған. 2013-2015 жылдары Алматы қыздар педагогикалық Университетін тәмамдаған. 2015 жылдың 5 қаңтарынан бастап Б.Өтешов атындағы аудандық үлгілі балалар кітапханасының кітапханашысы болып қызмет істейді.

     Сарыбаева  Гульнар  Даханқызы. 1988  жылы 8 қыркүйекте  Қарағанды  облысы,  Жаңаарқа  ауданында  дүниеге  келген. 1995 – 2006 жыдар аралығында  Жаңаарқа ауданындағы  Оразалы  Жұмабеков  атындағы  мектепте  оқыған.2006 – 2008 жылдарда Қарағанды  қаласындағы, Тәттімбет  атындағы  өнер  колледжінің, кітапхана   ісі  мамандығы  бойынша білім  алған. 2011  жылдан  бастап , Жаңаарқа  аудандық  орталықтандырылған кітапханалар  жүйесінің  оқу  залында  қызмет  атқарған, 2013  жылдан  ақпараттық – библиографиялық бөлімде жұмыс  істеді,2014 жылдан бастап Б.Өтешов атындағы үлгілі балалар кітапханасында жұмыс істеп жатыр.

bottom of page