top of page

      Кітапхана жанындағы «Атамекен» өлкетану клубының жұмысы 2009 жылдан бастау алады. Клубтың белсенді  мүшелері: Мектеп мұғалімдері және кітапхананың белсенді оқырмандары.

      Мақсаты мен міндеттері: Туған өлкенің тарихы мен мәдениетін зерттеу, ұлттық салт – дәстүрді ана тілін  жаңғырту.

Өз өлкеміздің  табиғатын, тарихын тануға құмар балалардың; «Бәрін білгім келеді» ұранымен жұмыс істейтін  клуб табиғатты қорғау, туған жердің тазалығы жолында қазірден-ақ күресуге әзір жас оқырмандардың басын қосып отыр. «Саялы өлкем, сазды өлкем» атты тұрақты кітап көрмесі  ұйымдастырылып оған 30  дана кітап, мерзімді басылымдар, альбомдар қойылды. Көрме жанында кітаптарға шолу жұргізіліп тұрады. Төкен Әлжантегінің «Ән - ғұмыр», «Сарыарқа саңлақтары», Марал Хасен «Жүрек қанын сия қылған» , Аманжол Әлтаевтың «Ақжолтай Ағыбай батыр», Ұ.Мұқышұлының «Нұр тұңған, жыр тұңған Жаңаарқа»,  А.Смайловтың «Арқаның бетбақ деген даласы бар» ,  А.Жұмадилдиннің «Жаңаарқа дерекнамасы»атты кітаптар оқуға алынып отырады.

bottom of page