"Ақындық асыл бекзаты"
Ол қазақтың ұлттық өнерін кәсіби биікке көтеріп, дәстүрлі өнердің классикалық үлгісін жасады. Елуге жуық музыкалық мұрасы қазақ мәдениетінің алтын қорына енді. Оның шығармаларын белгілі әншілер Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Жәнібек Кәрменов, т.б. ел игілігіне айналдырды. Қазақстан композиторларының симфониялық және опералық шығармаларына кеңінен енгізіліп, Ақан әндері екінші өмірін бастады.
Жастық, бозбалалық кезінде Ақан серінің көп жырлаған тақырыбы - достық махаббат мәселесі. Ол сүйіспеншілікке беріктік пен адалдықты, махаббат еркіндігін аңсайтын тамаша өлеңдерін әнге қосып айтқан. Эстетикалық сезімі,талғамы күшті,нәзік жанды ақын өмірдегі не бір сұлу , әдемінің бәрін әнге қосқан. Ол табиғатты да , алғыр қыран мен жүйрік атты да қызыға жырлаған. Сезімін оятқан әдемі,көркем құбылыстардың қайсысын болса да , ол егіле, беріле суреттейді. Ақынның « Жайықтың ақ түлкісі», «Ақ көйлек» лирикалық өлеңдерінен сұлулықты машықтай,сүйсіне жырлайтындығы айқын көрінеді. Ол адамның түсі де , ісі де, жаны да сұлу болуын тілейді.
Ақанның бір топ өлеңдері: «Сырымбет», «Үш тоты», «Балқадиша», «Үрқияжан», әйелдердің бас бостандығын аңсаудан туған. Сұлу әйелді идеал тұтқан Ақанның бұл шығармалары өз дәуірі үшін үлкен, әлеуметтік сыры терең туындылар болып саналады.
Серінің өмірі мен тағдыры туралы Ілияс Жансүгіров «Құлагер» поэмасын, Ғабит Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» драмасын, Сыдық Мұхамеджанов осы аттас операсын, Сәкен Жүнісов «Ақан сері» романын жазды.Әуезов «Казак халкының эпосы мен фольклоры» атты зерттеу еңбегінде Ақан серінің ақындық өнерін жоғары бағалап, оның жел жетпес жүйрігіне арнаған «Құлагер», қыран бүркітіне арнаған «Көк жендет» әндері.
Осы әншілік өнерде Ақан сері жалғыз болмайды. Айналасына әнші-күйші жастарды жинап, өзгеше бір өнерлі топ болып ел аралайды. Ақын,әнші серілердің бәрімен достасады. Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Естай, Иманжүсіп, Құлтума сияқты атақты ақын-әншілер Ақан серінің ең жақын достары болған. Олардың бәрі Ақан серінің әншілік өнеріне игі әсер еткен, композиторлық талантын жетілдіріп, шеберлік, суреткерлік талғамын шыңдай түскен. Ол қазақтың ұлттық өнерін профессионалдық биікке көтеріп, дәстүрлі өнердің классикалық үлгісін жасады. Сан қырлы дарындылық, поэзия мен музыканың тел қозыдай табысуы, өзіне ғана тән нақыш, жоғары деңгейдегі орындаушылық шеберлік — Ақан сері шығармашылығына тән басты-басты қасиеттер. Қазақ мәдениетінің алтын қорына Ақан серінің елуге жуық муз.-поэтик. мұрасы енген. Ақан сері шығармалары поэтик. тұнықтығымен, образдар әлемінің тереңдігімен, поэтик. және муз. тілінің шырайлылығымен, айрықша талғампаздығымен, нақыштық тазалығымен ерекшеленеді. Оның шығармашылық болмысының басты қасиеттері – өмір шындығын боямасыз жырлауы, психологиялық иірімдерге толы, эмоциялық бояуының қанықтығы. Са-серілік дәстүрді барша сән-салтанатымен ұстанған Ақан сері жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазыны жан серігі еткен. Мұндай өмір-салт оның әншілік-ақындық шабытына тұғыр болып, «Құлагер», «Маңмаңгер», «Көкжендет», «Екі торы ат», «Алайкөк», «Тер қатқан» сияқты тамаша әндердің дүниеге келуіне себепші болған. Сондай-ақ, оның «Көкшетау», «Сырымбет», «Кербез сұлу» деп аталатын әндері туған жерге, өскен елге деген перзенттік махабаттың жарқын айғағы. Ақан сері өз кезінде Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Естай, Иманжүсіп, Құлтума сияқты ақын-әншілермен бастас болып, халықтың мәдени-рухани өміріне айырықша ықпал еткен.