"Ақындық асыл бекзаты"
Қазақтың классикалық əн үрдісінде Ақан сері оқшау, озық əрі дара тұр. Ол ұлы ұстаздары ұстанған халықтық табиғи дəстүрді ілгері дамытып, əннің құбылысын, ажарын, түрін, мазмұнын, жалпы бітім- болмысын байытып, сымбатын сұлуландырған, тек өзіне тəн үн-бояуларымен қайталанбас тылсым көркемдік дүниесін жасаған аса құдіретті дарын, кемеңгер талант иесі.
Аяулы Ақан сері. Ақынның аңыз өмірі. Ол тірі кезінде аңызға айналған тұлға. Ал Ақанды аңызға айналдырған оның қиыншылыққа толы өмірінің өнердегі таңбасы. Ақан серінің өмірінде кездескен ауыртпалықтары аз болған жоқ. Бəтима, Ұрқия сынды жарларынан өлідей айрылса, Ақтоқтыдай сүйгенінен тірідей айрылу, өмірінің қызығы, мəні болған Құлагерінен, құмай тазысы Базаралысынан, ұшқыр қырандары Көкжендеті мен Қара торғайы — бəрінен бірінен соң бірінен айрылып, ең ақырында ата қонысынан айрылуы — бір адамның басына, «бір айналдырғанды шыр айналдырады» дегендей қиын тағдыр болды. Бірақ Ақан осындай қиын тағдырын өнерімен жеңе білді.
Әрі-беріден соң Ақан сері қожалардың дүшелігін сезіп, өнімсіз сөздерінен жалығып, төңірегіне қараса, іргеде қалақтай бір домбыра сүйеулі тұр екен, қолына алып шерте бастайды. Қожа-моллалар домбыра дауысын естігенде шетінен одырая қарасып, жақтырмаған шырай танытады.
Ақанның елдің жер-судан, қоныстан айырылуына наразылық білдірген азаматтық лирикалары мен сықақ өлеңдері де өткірлігімен ерекшеленеді. Қонысынан айрылған елдің мұң-мұқтажын ақын халық атынан айтады. Өмірді өлеңмен ғана емес, өзінің өмірімен суреттей білу – Ақан серідей ірі жанды адамның ғана қолынан келеді. 1913 ж. Ақан өзінің туған жерінде дүние салды.