top of page
  • Алғашқы өлеңі ("Сырдария") 1959 жылы жарияланды.

  • Тұңғыш өлеңдер жинағы ("Бақыт") 1966 жылы жарық көрді.

  • "Балладалар" (1968 ж.)

  • "Ай туып келеді" (1970 ж.)

  • "Қырандар төбеге қонбайды" (1974 ж.)

  • "Сенім патшалығы" 1976 жылы атты кітаптары шықты.

    Бірнеше өлең кітаптарының және халық арасына кең тараған бірқатар әндердің авторы. Балладалары мен поэмалары дүние жүзі халықтарының 20-дан астам тілдеріне аударылған. Өлеңдерінде философиялық ой басым. Мәтінін де, музыкасын да өзі жазған "Жұбайлар жыры", "Туған күн кешінде", "Гүл дәурен", "Мен саған ғашық едім" атты әндері жүртшылыққа кеңінен таныс.

  "Махаббат заңы", "Сенім патшалығы", "Сократты еске алу түні" атты драмалары республикамызда және шетел театрларында қойылған. Ш.Айтмановпен бірлесіп жазған "Құз басындағы аңшының зары" атты эссе кітабы мен "Сократты еске алу түні" атты драмасы көптеген тілдерге аударылған. "Шыңғыс ханның пенделік құпиясы" драмалық туындысы негізінде Украинаның Довженко атындағы киностудиясы екі сериялы телефильм шығарды.

    М.Шахановтың «Өркениеттің адасуы», «Жазагер жады космоформуласы» (Шыңғыс ханның пенделік құпиясы) атты романдары ЮНЕСКО шеңберінде қаралып, әлемдік деңгейде қызу пікірталас тудырды. Оның шығармалары дүниежүзінің 50-ден астам тілдеріне аударылды.

bottom of page