Халқы сүйген қаламгер – Мұхтар Шаханов
Ақынның: "Тарихын тұр санаңа өткел тастап, өз тілінде ойлау, сөйлеу тоқталған сәттен бастап, Бүкіл баба рухымен байланысың кесілер. Тағдырыңнан ата ғасыр шамын солай өшірер. Қатенді әбжіл түзетпесең, толыққанды жоқ тірлік. Біз бабалар сүйегіне, сеніміне бақ құрдық, Бақ құрдық та ұлтсыздық кеңістікке ат бұрдық. Өз тіліңді жерсінбеудің, Өз анаңды менсінбеудің, арсыздығы қай дәуірде болып еді тапқырлық?
Ол — рухани мүгедектік әрі ұлттық сатқындық", — деген тұжырымдамасын 20 - ға тарта елдердің алдыңғы қатарлы гуманистері қолдаған. М. Шахановтың сөзімен айтсақ: "Өйткені қай елде болса да, ана тілін сыйламау — туған анасының жүрегіне тебумен бірдей", - деп жырлап кеткен Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылығын виртуалды көрме ретінде ұсынып отырмыз. Қызықты мәліметтер аласыз деген сенімдеміз!