top of page

СӘКЕН ШЫҒАРМАЛАРЫ

Сейфуллин С.

С 32       Көп томдық шығармалар жинағы.-Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2004. 1.Т. Тар жол, тайғақ кешу. 1927.  Роман –эссе.-456 бет.

ISBN 9965-22-001-8

Қазақ кеңес әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, төңкерісшіл ақын С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романы – кешегі дауылды кезеңнің бейнесін бар бояу-нәрімен кейінгі ұрпаққа жеткізген деректі, мемуарлық кең тынысты шығарма. Автор өз көзімен көрген, өзі бел ортасында араласып жүрген тарихи оқиғаларды суреттей отырып, жаңа өмір жолында жан аямай күрескен коммунистердің  қаһарман бейнесін сомдайды. Мұнда «Тар жол, тайғақ кешу» роман –эссесінің 1927 жылғы, яғни бірінші басылымы еніп отыр.

Сейфуллин С.

С 32      Көп томдық шығармалар жинағы.-Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2004. Т2. Өлеңдер. - 392 бет.

ISBN 9965-22-002-6

Қазақ әдебиетінің қарағайдай тұлғаларының бірегей, жалынды ақын, айбынды күрескер, қоғам қайраткері С.Сейфуллиннің көп томдық шығармалар жинағының бұл томына қаламгердің лирикалық туындылары топтастырылғын. Оның өлеңдері хронологиялық тәртіппен  жүйеленіп берілген.  Оған автордың өзі де көмекке келеді, өйткені ол әр жырдың қай күні, қай жерде жазылғанына дейін көрсетіп отырған. Бұл Сәкеннің ақындық қалыптасу, жетілу сатыларын шатастырмай бағамдауға жағдай жасады.

Сейфуллин С.

С 32           Көп томдық шығармалар жинағы. – Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2004. Т.3. Баллада. Толғаулар. Дастан. Поэмалар. – 400 бет.

ISBN 9965-22-003-4

Қазақ поэзиясының мазмұнына шығармашылық төңкеріс жасаған С.Сейфуллиннің бұл томы оның толғаулары мен поэмаларынан тұрады. Кейде поэмаға бергісіз «Ақсақ киік», «Аққудың айырылуы» сияқты жан тебірентерлік балладалары, «Ұйым және еңбек шарт – жалшылар қорғаны» сияқты өлең-очерктері де осы томға қосылып, шын мәніндегі поэмалар жазуға барған кездері, яғни ақындық зертханасын ашатын сәттері де ескеріліп отырылған. Кітапта «Советстан», «Көкшетау», «Альбатрос», «Социалистан» сияқты сүйекті шығармалары да бар.

Сейфуллин С.

С32 Көп томдық шығармалар жинағы. - Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2005. Т.4. Повестер.-448 бет.

ISBN 9965-22-006-9

С.Сейфуллиннің барлық повестері осы томға хронологиялық жүйемен жинақталып берілген. Бұл топтамадан прозашы Сәкеннің қалай қалыптасқанын көруге мүмкіндік туады. Әуелі оның 1922 жылы жазған «Айша» әңгімесінің повеске айналған сәті беріліп, іштей түлеу, жетілу, шығармашылық қажеттіліктердің қандай өзгеріс, даму жолынан өтетіні көрсетілген. Содай-ақ бұл томда «Жемістер», «Жер қазғандар» және басқа шығармалары бастапқы жарияланған түпнұсқалары бойынша ұсынылған. 

Сейфуллин С.

С32 Көп томдық шығармалар жинағы.- Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2005. Т.5. Повестер.-448 бет. Әңгімелер. Публицистика. – 368 бет.  

ISBN 9965-22-007-9

С.Сейфуллиннің әр жылдары жазған әңгімелері мен публицистикасы топтастырылып отыр. Сондай-ақ «Бандыны қуған Хамит» секілді оқырман қауымға кеңінен танымал, тарихи шындыққа негізделген классикалық шығармасы мен кезінде нықты практикалық істе еленген очерктері де хронологиялық жүйемен берілді.

Сейфуллин С.

С32 Көп томдық шығармалар жинағы. - Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2007. Т.7.-416 бет.

ISBN 9965-22-208-8

Қазақ әдебиетінің негізін қалаушы көрнекті жазушылардың бірі С.Сейфуллиннің бұл томына қазақ әдебиетінің тарихына талдау жасайтын «Қазақ әдебиеті» атты шығармасы еніп отыр. Сәкеннің бұл еңбегі кітап оқушыларға көп мағлұмат береді, қызықты оқылады.

Сейфуллин С.

С28  Многотомное собрание сочинений /Сакен Сейфуллин. – Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2012. Т. 11. - 480 с.

ISBN 978-9965-22-417-1

Сейфуллин С.

С32 көп томдық шығармалар жинағы. – Т. 1: Өлеңдер мен дастандар. Алматы: Жазушы, 2002.- 192-бет.

ISBN 5-605-01137-5

ISBN 5-605-01774-8

Қазақ поэзиясының классигі Сәкен Сейфуллиннің бұл кітабына «Көкшетау», «Аққудың айырылуы», «Қызыл ат» дастандары  мен таңдаулы өлеңдері еніп отыр.

Сейфуллин С.

С32 көп томдық шығармалар жинағы. – Т. 2: Өлеңдер мен дастандар. Алматы: Жазушы, 2003.- 160-бет.

ISBN 9965-666-95-4

Қазақ әдебиетінің іргетасын қалаушылардың бірі С.Сейфуллиннің бұл томына «Ұйым және еңбек шарт жалшылар қорғаны», «Чжан Цзолин», «Альбатрос» секілді поэмалары, «Бақыт жолына», «Қызыл сұңқарлар» пьесалары еніп отыр.

Сейфуллин С.

С32  Тар жол, тайғақ кешу: Роман-эсс. – Алматы: «Жазушы» 2009. – 432 бет. – «Қазақтың 100 романы» сериясы.

ISBN 978-601-200-207-2

Дәуір ұранына сәйкес қазақ топырағында тарихи-революциялық тақырыпқа барған тұңғыш роман-эсс- «Тар жол, тайғақ кешу». Шығармада 1916-1919 жылдардың оқиғалары қамтылады.

Әрине, таптық ұстанымға сүйенген автордың Алашорда арыстары жайындағы қайсы бір пікірлері бүгінгі көзқарасқа көп  ретте қайшы келетін де рас. «Тар жол, тайғақ кешу» - ең алдымен тарихи, әдеби факт және көркем мәтін.

Ал әр мәтін әр заманда әртүрлі оқыла береді. 

Сейфуллин С.

С32   Тау ішінде. – Алматы: «Олжас кітапханасы» Баспа үйі, 2012.-176 б.

ISBN 978-601-7315-21-4

Сәкен – қазақ маңдайына біткен біртуар дара тұлғалардың бірі. Ол өз ұлтын қалтқысыз сүйіп, халқына айрықша еңбек сіңірді.  Поэзиялық туындыларының  ішінде Сәкеннің шығармашылық ерекшелігі мен идеялық ұстанымен бедерлі айғақтайтын туындылары – «Көкшетау», «Аққудың айырылуы» поэмалары. «Көкшетау» поэмасы реалистік стильде жазылған. Оның тілі бай, образды, бояуы көркем. «Аққудың айырылуы» - символикалық көркем поэма. Бұл туындыларды ақын туған даланың табиғатын адамның ішкі сезім күйлерімен  астастыра суреттейді. 

Сейфуллин С.

С32  Айша. – Алматы: Издательство «Казгослитиздат», 1958. – 205 с.

В сборник «айша» включино пять прозаических произведений основоположника казахской советской литературы С.Сейфуллина.

В повести «Плоды» отражен период установления советской власти в Казахстане, в «Землекопах» - будни и труд стоителей железной дороги в двадцатых годах и жизнь шахтеров в дореволюционном Казахстане. Мемуарная повесть «В вагонах смерти атамана Анненкова» рассказывает об узниках, попавших в плен к колчаковцам, «Хамит преследует бандита» - о борьбе бесправная жизнь казахской женщины, борьба девушки за свои права, за свою свободу.

Сейфуллин С.

С32  Өлеңдер мен поэмалар. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 1983. – 198 бет.

Сейфуллин С.

С28     Тернистый путь. Историко-мемуарный роман. – Алма-ата: Издательство «Жазушы»,  1975. – 432 с.

Жизнь С.Сейфуллина – подвиг, пример героической борьбы за коммунизм. Солдат пролетарской революции, человек большого мужества, несгибаемой воли, активный участник гражданской войны, прошедший страшный путь в тюрьмах и вагонах смерти атамана Анненкова. С.Сейфуллин в своей книге «Тернистый путь» воссоздал картину революции и гражданской войны в Казахстане.

bottom of page