top of page









Сәкен Сейфуллин – халық жадында мәңгі сақталар жан, асылдардың  асылы, аяулылардың аяулысы. Сәкен – біздің  ұлттық мақтанышымыз, ел үшін еңірген ер, қайтпас қайсар күрескер. Егер ол тірі болса, бүгін сөз жоқ, өзіне тән  өткірлікпен, от пен судан қорықпайтын батырлықпен тек халық мүддесі жағында тұрар еді. Егемен ел атанып, тәуелсіздік туын тіккен қазақ еліне Сәкеннің үздік үлгісі, өнері өнегесі өте керек.

                                                                                                                                              Н.Ә.Назарбаев

 

 

 

 

«Сәкен еліміздің елдігінің, ақындығының, сұлулығының бейнесі».

С.Мұқанов

 

 

 

 

Өзіндей халық ұлдарымен, қол ұстаса, елді бастай ілгері кеткен Сәкенді біз бүгін бағалағанда алдымен қазақ әдебиетінің атасы дейміз. Атадан бала аса береді. Бізден де асып жатыр. Бірақ қанша асса да, Сәкендей арнадан асқан қайсысы бар? Сондықтан Сәкен қазақ әдебиетінің тарихында белгілі биік бәйтеректердің бірі болып қалып қояды. Сондықтан оған біз түгел, бізден кейіңгі ұрпақтар да бас иеді, оның соңынан салған жолын кеңейте береді.

Ғабиден Мұстафин

 

 

 

 

Сәкеннің бүкіл ақындық жолына тән ерекше бір қасиет- оның белгілі бір дәуірлерге, соның сыпаттарына сай сүйіп қолданған поэтикалық образдары десек, бұл образдар ақынның революция жылдары жазылған өлеңдерінен мол орын алады.

                                                                                                                 С.Қирабаев

СӘКЕН ТУРАЛЫ ОЙЛАР

bottom of page