top of page

СӘКЕНТАНУ

С28   Сәкен Сейфуллин. Энциклопедия – Алматы: «Темірқазық» баспасы. 2010. 640 бет.

 

ISBN   978-601-06-1101-6

 

Энциклопедия қазақтың классик ақыны, ірі қоғам қайраткері, жалынды жазушы, дарынды драматург Садуақас (Сәкен) Сейфоллаұлы Сейфуллиннің (1894-1938) өмірі мен шығармашылығына, қоғамдық істеріне арналған. Ақынның өскен ортасы, ұланғайыр көркем мол мұрасы, дүниетанымы, өзіндік ұстанымы мен қалдырған өнер туындыларының эстетикалық салмағы, поэтикалық әлемі, қоғамдық-саяси ой-пікірлері, тарихи тұлға тағылымының үлгі-өнегесі жан-жақты сөз болады.

Кәкішұлы Т.

К24    Сәкен аялаған арулар. Эссе мен толғамдар.-Алматы: Атамұра, 2003.-312 бет.

 

Сәкен жөнінде жарты ғасырдан бері талмай ізденіп, он шақты кітап шығарған профессор Тұрсынбек Кәкішұлының 1997 жылы жарық көрген «Сәкен сүйген сұлулар» атты эссе – кітабы бұл топтамада ақынның пенделік сипатын, азаматтық келбетін кеңінен ашатын мазмұны терең толғамдармен толықтырылды.

Кәкішұлы Т.

К24  Көптомдық шығармалар жинағы / Тұрсынбек Кәкішев. –Алматы: «Қазығұрт» баспасы 2010. Т.3. Сәкен аялаған арулар. Хикаялар. – 464 бет.

ISBN 9965-22-314-9

Көрнекті жазушы-ғалым Т.кәкішевтің көптомдық шығармалар жинағының 3-томында С.Сейфуллиннің серілік хикаялары, көңіл сырлары және адами болмысы ашыла түседі. Махаббат сезімі аясында жалғыз жігітшілігі ғана суреттелмей, бүгінгі жастар ғибрат аларлық өнеге істері өріледі. Сонымен қатар «Коммунист Сәкеннің ұлтандылығы» деген құжатты  хикаяда халықтың рухани өресін биіктету жолындағы ер-азаматтың орасан күресі, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі үшін ашқан алапат майданы оқырманды бей-жай қалдырмайды.

Кәкішев Т.

К 24     Қазақ зиялылары./Тұрсынбек Кәкішев. – Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2011.-416 б.

ISBN9965-22-356-4

 

Бұл кітапта қазақ зиялыларының әлеумет алдындағы парыздары әңгіме болды. Әрқилы сәттерде болған қазақ зиялыларының іс-әрекеттері, сөйлеген сөздері, айтқан ой-пікірлері қамтылып, зиялылықтың парызы баяндалады.

bottom of page