top of page

    Қазақ прозасы философиялық тың туындылар мен тіршілік тартысын тереңнен толғайтын шығармаларға бай, шетел әдебиетінен асып түспесе, еш кем емес. Әдебиетімізге сондай туындыларды тарту еткен, қаламынан өзі өмір сүрген ғасырға жуық ғұмырында қазақ даласында болған өзгерістерден, халық өмірінен сыр шертетін дүниелер туған, қазақ әдебиетінен ойып тұрып орын алатын реалист жазушы – Ғабиден Мұстафин

                                                                                                Сымбат Айтаханова

      Қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы бір туар алыптары, ұлт сөз өнерінің көрнекті зергерлері Ғ. Мүсірепов және Ғ. Мұстафин сынды көркемөнер шеберлері тек қана әдебиетте ғана емес, сондай-ақ әдебиеттану ғылымында айтуға лайық толымды еңбектер туғызғанын айту – парыз. Тек өз шығармасына қатаң талап, үлкен жауапкершілікпен қарай алатын жазушы ғана күллі әдебиеттің жағдайына жаны ашып, болашағына қамқорлық жасай алады. Сондай тұлға, әдебиетіміздің тарихында өшпес ізін қалдырған Ғ.Мұстафин көркем проза оқитын, кітапсүйер қауымның шебер жазушысы.

Айгерим Наурызбай

 

         Дүние жүзі, Еуропа, орыс әдебиеті өкілдерін білмей тұрып, осы жазушылардың шығармаларымен сусындап, шөлімізді қандырдық. Әр гүлдің өз жупар иісі, әр қыранның самғау биігі болатыны сияқты осы майталман қаламгерлердің шыққан асқары, артына қалдырған сүрлеу соқпақтарымен жүріп ,қалың орманына кірдік.Шыққан самғау биіктеріне ұмтылдық. 

                                                                                                     Жеңіс Қашқынов
 

bottom of page