top of page
ұлпан.jpg

Мүсірепов Ғ.

М88 Ұлпан. Роман.- Алматы: Атамұра, 2003.-264 бет.

Заманымыздың аса көрнекті жазушысы  Ғ. Мүсіреповтің бұл романында ескі салт-дәстүр мен әдеп-ғұрыпқа қарсы шығып, ел басқару дәрежесіне дейін көтерілген қазақ әйелінің тағдыры шынайы суреттелген.

Кiтап көпшiлiк оқырманға арналған.

ғабит мүсірепов.jpg

Ғабит   Мүсірепов.

Таңдамалы шығармалары.-Алматы : «ҚАЗақпарат»,2012 – 1120 бет

Құрастырушы : Әділғазы Қайырбеков.

Қазақ әдебиетінің классигі Ғабит Мүсіреповтың жаңа кітабына қаламгер есімін әйгілеген «Қазақ солдаты»,  «Ұлпан» роман повестері мен әңгімелері ,күнделіктері еніп отыр .Қияпат соғыста Отан үшін от кешкен қазақ жауынгері Қайырғалидің бейнесі қазақ өлмес образға айналса ,әйел нәзіктігі мен парасатын көркем тілмен тамылжыта суреттеген «Ұлпан»-қалам құдіретінің шыңы,аналар образының биігі.

Кітапта жазушының күнделіктері де топтастырылған.Көркем сөз шеберінің күнделігі де бір өмір,өйткені сұлулықты өмірмен астастырған дара тұлғаның әр күні біз үшін өнеге.

Ғабит Мүсірепов естеліктер.jpg

Ғабит Мүсірепов туралы естеліктер.2-бас.

Құраст. С.Оразалы.-Алматы: «Алаш жолы», 2012,-592 бет.

Өмiрiмен де, еңбегiмен де туған халқының iлтипатына бөленiп, оның сүйiктiсiне айналатын ұлдары болады. Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсiрепов, Ғабиден Мұстафин осындай ұлы тұлғалар болды. Олардың жазушылық өнерiн қазақ халқы ғана емес, бүкiл әлем мойындап, шығармалары көптеген шет тiлдерде басылды. ХХ ғ. қазақ әдебиетiнiң абыройын асырып, мәртебесiн биiктеткен классиктердiң бiрi, көркем сөздiң ұстасы, тапқырлық пен шешендiктiң нұсқасы, дарқан дарын, академик-жазушы, Социалистiк Еңбек Ерi Ғабит Махмұтұлы Мүсiрепов еді. Кiтапта ұлы сөз зергерi, халқымыздың алыптар тобындағы ақиықтарының бiрi – Ғабит Мүсiрепов туралы ұлы тұлғалардың, ақын-жазушылардың, сыншылардың, ғалымдардың, тума-туыстарының естелiктерi берiлген. Құрастырушы Мемлекеттік мұрағаттағы Ғ.Мүсіреповтің жеке қоры мен оның мұражайында сақталған және жеке адамдардан жинастырылған сирек фото деректерді де кеңінен пайдаланған.

Кiтап көпшiлiк оқырманға арналған.

bottom of page