Ғабит Мүсірепов – сөз зергері
1956-1967 жылдары Қазақстан компартиясы орталық комитетінің органы "Ара - Шмель" атты қазақ, орыс тілінде шығатын сатиралық журналдың бас редакторы болып істеді.
1956-1961,1964-1966 жылдары Қазақстан жазушылар одағы басқармасының бірінші секретары міндетін атқарды.
1959 жылдан 1985 жылға дейін КСРО жазушылар одағы басқармасының хатшысы, 1972 жылы Қазақстан жазушылар одағы басқармасының ІІІ пленумында Қазақстан жазушылар Одағы басқармасының хатшысы болып сайланды.
Ғабит Мүсірепов 1958 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі атанды.
1963, 1967, 1971,1975, 1980, 1985 жылдары Қазақ КСР жоғары кеңесінің депутаты болып сайланды.
Кеңес әдебиетін өркендетуге қосқан елеулі еңбегі үшін Ғабит Мүсірепов Ленин орденімен үш рет, Октябрь революциясы, Еңбек қызыл ту орденімен екі рет, ордендерімен марапатталды.
1970 жылы жазушы "Кездеспей кеткен бір бейне" кітабы үшін Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
1974 жылы Социалистік еңбек ері, ал 1984 жылы Қазақ КСР халық жазушысы атағы берілді.
1977 жылы "Суреткер парызы" кітабы үшін Қазақ КСР ғылым академиясының Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығымен марапатталды.