top of page
101.Жаманбалинов_М._Кішкене_достарға___1965_г..jpg

«Кішкене достарға»

Ж 19 Жаманбалинов М. / Алматы «Жазушы» баспасы 1965 ж. 40 б. Ақынның балаларға арналған өлең-жырлары топтастырылған. Аталмыш жинақ кіші және ересек мектеп жасындағы балаларға арналған.

«Әйгілі аудан - Ертісім»

Ж 24 Жаманбалинов  М. – Павлодар: «ЭКО» ҒОФ, 2008 ж. 688 б. ISBN 996508 – 343-6

 Алғашқы нұсқасы 1998 жылы жарияпанған бұл кітап біраз өңделіп, кейбір қателер түзетіліп қайта басылып отыр. Кітапта Ертіс ауданының және оның негізі болған Қызылағаш болысының соңғы үш ғасыр бойғы тарихы қамтылған. Осы өңірдің белгілі абыздарының, би-шешендерінің, ақындарының тапқырлық, шешендік сөздері жинақталған. Бұл кітап - 1998 жылы жарық көрген "Әйгілі аудан - Ертісімнің" кітабының жалғасы. Бірінші томда қамтылмай қалған ауылдар мен селолар, мекемелер мен кәсіпорындар тарихы және ауданның белгілі адамдары жайлы деректер осы кітаптың негізгі бөлігін құрайды. Сондай- ақ бұл томдағы өзге материалдар да алғашкы кітаптағы "Тыңға шабуыл", "Батыр - елдің серкесі", "Ақ жолында Алланың" т.б. такырыптардың толықтырылуы болып табылады.

182.Жаманбалинов_М._Әйгілі_аудан_-_Ертісім___2008_г..jpg
170.Жаманбалинов_М._Толқын___1979_г..jpg

«Толқын өлеңдер»

Ж70 Жаманбалинов М. – Алматы: «Жалын» баспасы: 1979 ж. 96 б. ISBN 99708-162-79

Белгілі балалар ақыны М. Жаманбалиновтың бұл жинағына соңғы жылдары жазған жаңа өлеңдері енгізілді. Автор өлеңдерінде балаларды Отанды сүюге, шыншыл, адал болуға шақырады.

«Аштық азабы» дастан

Ж18 Жаманбалинов М. – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2004 ж. 96 б. ISBN 9965 -610-41-Х

1931-1933 жж. аштық апатында Ертіс ауданының  негізі болған Қызылағаш болысының жиырма мыңға жуық қазағының жартысына таяуы қырғынға ұшырады. Ақын М. Жаманбалиновтың бұл поэмасына сол жылдардың бір ащы шындығы арқау болған.

135.Жаманбалинов_М._Ашық_азабы___2004_г..jpg
129.Жаманбалинов_М._Алма_ағашы___2011_г..jpg

«Алма ағашы» өлеңдер, ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар.
Ж26  Құрастырушы Б. Қошым -Ноғай. Алматы : Раритет, 2011 – 288 б. «Алтын қор сериясы». ISBN 978 – 601-250-101-8
Жас ұрпақ тәрбиесі мен балалар әдебиетін ұштастыра қараған ұстаз ақын М. Жаманбалинов (1924-2010) өз оқырмандарын куаныш пен шаттыққа болей беретін мол әдеби мұра калдырды. Оның һәм күлдірін, һәм ойландыратын ойнақы өлеңдері, таңғажайып оқиғалы сырлы ертегілері, жұмбақтары мен жаңылтпаштары бүлдіршіндердің есінде ұзақ сақталатыны күмәнсіз. Бұл кітапка ақынның кезінде оқырман қауымнан оң бағасын алған таңдаулы туындылары енді.

«Ақын бала».  
Ж 20  Жаманбалинов М. Алматы: «Жалын» баспасы 1983 ж. – 64 б.

Белгілі балалар ақыны М.Жаманбалиновтың бұл кітабына соңғы жылдары жазған өлеңдері, ертегі-аңыздары, шарадалар мен жаңылтпаштары еніп отыр. "Ақын бала" атты шағын дастаны халқымыздың өнерпаз перзенттерінің бірі Жаяу Мұса өмірінің қызықты бір сәтіне арналған.

124.Жаманбалинов_М._Ақын_бала___1983_г..jpg
123.Жаманбалинов_М._Түгел_батыр_және_оның_ұрпақтары___2006_г..jpg

«Түгел батыр және оның ұрпақтары» .
Ж 61 Жаманбалинов М., Бәделханов А. Павлодар : «ЭКО» ҒОФ , 2005. -130б., ISBN 9965 -775-55-6
Тарихи аңыздар, шешендік толғаулар, шежіре-деректер. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері М. Жаманбалинов пен Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, өлкетанушы А. Бәделхановтың бұл кітабы алғаш рет 1998 жылы халықтар бірлігі мен ұлттық тарих жылына және облыстың 60 жылдық мерей тойына орай жарық көрген болатын. Кітапта Түгел батыр және оның әйгілі үрпақтары туралы танымдық деректер мол. Түгелдің ұлы Бәйсерке абыз сөздері кең қамтылып, жақсы жинақталған. Түгел батырдан тараған ұрпақтарының шежіресі - зор ізденімпаздық еңбектің жемісі. Кітаптың тілі жатық, жеңіл оқылады.

«Әйгілі аудан - Ертісім»

Ж 24Жаманбалинов М.  Павлодар: ЭКО ҒӨФ, 2003 ж., -356 б.  ISBN 9965-652-41-1

 Бұл кітап - 1998 жылы жарық көрген "Әйгілі аудан - Ертісімнің" жалғасы, екінші томы. Бірінші томда қамтылмай қалған ауылдар мен селолар, мекемелер мен кәсіпорындар тарихы және ауданның белгілі адамдары жайлы деректер осы кітаптың негізгі бөлігін құрайды. Сондай- ақ бұл томдағы өзге материалдар да алғашқы кітаптағы "Тыңға шабуыл", "Батыр - елдің еркесі", "Ақ жолында Алланың" т.б. такырыптардың толықтырылуы болып табылады.

112.Жаманбалинов_М._Әйгілі_аудан_-_Ертісім___1998_г..jpg
118.Жаманбалинов_М._Әйгілі_аудан_-_Ертісім___2003_г..jpg

«Әйгілі аудан - Ертісім»

Ж 24 Жаманбалинов М.  Павлодар 1998 -396 б. ISBN 99650449-18-X

Бұл кітапта Ертіс ауданының және оның негізі болған зылағаш болысының соңғы үш ғасыр бойғы тарихы қамтылған. Осы өңірдің белгілі абыздарының, би-шешендерінің, ақындарының тапқырлық, шешендік сөздері жинақталған. Ауданның  байырғы тұрғындарының ата-тегі таратылған. Елінің жері мен елінің тарихын, ататегінің шежіресін білгісі келетін, жерлестеріміздің барлығы да бұл кітаптан мол мағлұмат алады. Оқырмандар үшін танымдық та, тәрбиелік те маңызы зор деректі әңгімелер де бар.

107.Жаманбалинов_М._Сәлем___1962_г..jpg

«Сәлем»

Ж 19 Жаманбалинов М. «Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет» баспасы. Алматы 1962ж., 44 б. Балаларға арналған өлеңдер жинағы.

101.Жаманбалинов_М._Кішкене_достарға___1965_г..jpg

«Кішкене достарға»

Ж24 Жаманбалинов М. «Жазушы» баспасы, Алматы: 1965 ж., 40 б. Татардың көрнекті ақыны Н. Арслановтың "Зымыран уақыт" аталатын бұл кітабына әр жылдарда жазылған өлеңдері мен поэмалары енгізіліп отыр.

bottom of page