top of page

          Майталман шебер Мұхтар Мағауиннің қалам қарымы кез келген туындысынан андыздап тұрады. Теңіз дәмі – тамшыдан. Жазушы тілінің шұрайлылығы, қанатты қиялының ұшқырлығы, мұхиттай ойының тұңғиық шалқарлығы мен көркем кестелігін сөз саптауынан ә дегеннен-ақ танисың. Зергердің әсем өрілген зеріндей қас шебердің қаламұшынан төгілген зерделі сөз әмәнда сан қатпарлы астарына те­реңірек үңілдірері анық. Қай тақырыпқа қалам сілтемесін Мағауин мерейін марқайтар айшықты дара қолтаңбасы атойлап қарсы алса керек. Сон-а-ау жаратылыс жаралғаннан, бәлки одан арғы ықылым заманнан бергі төрткүл дүниенің асты-үстінде болған жағдаяттардан бастап, бүгінгі бастан кешіп отырған атом дәуірін көктей өтіп, келешек көкжиектерден барлау-болжам сұлбалай алатын жазушы білімімен кез келген жанның пікір сайыстыруға жүрегі дауаламас. Мұхаң көп оқыған, көп тоқыған. Оның білімі мен білігі  тар аяда, тек әдебиет төңірегінде ғана емес, әлемдік құбылыстардан білмейтіні жоқ. Бір қуаныштысы, оны ол айғайлап айтпайды, өзінің “менін» әр шығармасында – алақандай әңгіме-тәмсілінен бастап, көп планды шырғалаңға толы романдарына дейін, ең ақыры, дүбірлі дүниенің заманауи тыныс-бүлкілінен хабардар етер ой-толғақтарында шеберлікпен жеткізеді. Мұның бәрі қазақ атамның “Білекті – бірді жығар, білімді – мыңды жығар» дейтін ұлағатына саятындай.

Жанат ЕЛШІБЕК.

 

       Мұхтар Мағауин... Саяси озбырлық, рухани әрі-сәрілік, кәсіби балаңдық жабыла қинап, дағдарыс тығырығына қамалған әдебиетіміздің одан әрі дамуына жаңа қарқын бітіруге тырысқан алпысыншы жылдарғы серпілісте айрықша көзге түсіп, сол қарқынын әлі күнге үдетпесе, бәсеңдетпей жанқиярлық танытып келе жатқан кес ек тұлғамыз. Оның бүгінгі де, ертеңгі де оқырмандар алдында еңбегі ұшан - теңіз.

 Әбіш Кекілбайұлы



          Мұхтар Мағауин ана тіліміздің байлығын, оралымды, астарлы, әрі от-жалынды, әрі нәзік те биязы бояу-сырларын алғашқы адымдарынан бастап-ақ көрсетеді. Тіліміздің оралымдығын тереңдетуге қосқан үлесі аз емес», - деп, М.Мағауинге шынайы анықтама берген де болатын. Ал онымен қатарлас, қаламдас жазушы Ә.Кекілбаев: «Мұхтар Мағауин - дағдарыс тығырығына қамалған әдебиетіміздің одан әрі дамуына жаңа қарқын бітіруге тырысқан алпысыншы жылдардағы серпілісте айрықша көзге түсіп, сол қарқынын әлі күнге үдетпесе, бәсеңдетпей, жанқиярлық танытып келе жатқан кесек тұлғамыз. Оның бүгінгі де, ертеңгі де оқырмандар алдында сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Қадым замандар тақырыбына алғаш қадам тартқан ғалым ретінде ұлттық көркем ойдың ең кемел күштерінің төл тарихымыздың кенде зерделеніп келе жатқан кезендерін көрсетуге жаппай жұмылуына түрткі болды. Өзі де ­сол бәйгеде озып шыға алған жүлделі жүйрік

Ғабит Мүсірепов

bottom of page