top of page
Тазының өлімі.jpg

Тазының өлімі:  Мағауин М. М12 «Тазының өлімі». Хикаят.- Алматы: Атамұра,2004.-256 бет. Қазақтың әйгілі қаламгерінің бұл жинағына жас кезінде жазған, қалың оқырманына хас суреткер ретінде қапысыз танытқан «Тазының өлімі» повесі ұсынылып отыр. Жинақ қазақтың көркем тілі мен әдебиетін сүйетін барша қауымға, кейінгі келген жас толқынға арналады.

Бір атаның балалары.jpg

Бір атаның балалары: Мағауин М. М 18 «Бір атаның балалары». Повест. – Алматы: Атамұра, 2004. -214 бет. Он сегізден тірі қалған үшеу туралы орыс әні көпке мәлім. Тарихын естіген жұрттың бәрі көзіне жас алады. Мен жалғыз баласынан соғыста айрылған кемпір-шалдың үйінен 1942 жылы көктемде түсірілген сурет көрдім. Әскерге жаңа алынған ауыл жастары. Қасап қырғыннан алпыс жетінің үшеуі ғана аман қайтыпты.Мен оларды көргем жоқ, олармен бірге жүргем жоқ. Олар туралы жаза алмаймын. Бірақ мен сол қыршын ерлердің панасыз қалған кәрі ата-аналарын білем, жетім қалған жас балаларын білем. Туып үлгермеген нәрестелерінің қазір неше жасқа келетінін, қандай азамат болатынын білем.Осы шағын дүниені фашизм құрбандарының туып жетім қалған, тумай жарығы өшкен сәбилерінің рухына арналады. 

Қобыз сарыны.png

Қобыз сарыны: Мағауин М, - Алматы : Мектеп, 2007 . - 192 б., сурет. .– (Жетінші сөз. - – 9965-36-270-Х (мұқ.) Бұл кітап көшпенді қазақ сөз өнерінің сыр-сипатын ұғындырып, көркемдік тәсілі мен ерекшеліктерін меңгертуде маңызды құрал болып табылады. Ортағасырлық қазақ ақын-жыраулары сөз өнерінің құдіретін сезінген, мән-мағынасына ден қойған асқар ойлы даналарымыз ретінде қазақ әдебиетінің тарихынан ерекше орын алады.

¦Р¦¬¦-TБ¦-¦¬TЛTА¦-¦-.jpg

Аласапыран: Мағауин М., - Алматы: «Жазушы», 2009. -496 б., - Ең басты, орталық шығармасы «Аласапыран»  1948 жылы Абай атындағы мемлекеттік сыйлыққа ие болған тарихи роман 1588-1610 жж. Аралығында Еуразия кеңістігінде орын алған қилы-қилы оқиғалар, қазақ халқының ұлттық санасы, мемлекеттік құрылым, көрші жұрттармен арақатынасы, сол заманғы тұлғалардың болмыс бітімін ерекеше сипаттайды.

TЪT-¦-TЛTАTБTЫ¦- TЫ¦-¦-TЛ¦¬.png

Құмырсқа-қырғын: әңгімелер кітабы / Мағауин М., - Астана : Аударма, 2004 . - 352 б. - 2000 дана . – 9965-18-122-5 (мұқ.) Бұл әңгімеде өмір үшін күрес, ұрпақ жалғастығы тәрізді көкейкесті мәселелер философиялық толғаммен, автордың кірпияз талғамымен шебер үндесіп, жымдасып кетеді. Суреткердің бұл туындысы қазақ әңгімесіне жетпей тұрған айшықты бояларды жинақтаудың тәжірибесі, ойды символикамен жеткізу тәсілін батыл игерудің жемісі сияқты. Айтпақ ойын жорамал, болжам арқылы білдіруі әбден заңды. Бұл әдіс қазақ әдебиетінде бүгін ғана пайда болған нәрсе емес, фольклорлық шығармаларымыз бен әлем әдебиетінде де бар нәрсе.

bottom of page