top of page
0001.png

Кәкішұлы Тұрсынбек.

            Сайыс. Эссе. - Алматы: «ҚАЗақпарат», 2001ж.- 290 бет.

Бұл эссе 1999 жылы "Қазақ университеті" баспасынан "Мағжан - Сәкен" деген атпен шыққан еді. Енді бүкіл қазақ қызығатын осы еңбектің танымдық арнасы шұрайландырылып, баяндауы жеделдетіліп Мағжанның жиені, "Сайран" акционерлік компаниясының президенті Есенгелді Мұқыжанұлы мен Сәкеннің немересі Сәкен Орынбекұлы, Мекеш Утиннің тілектерімен оқырмандарымен қауышып отыр.

0001 (2).png

Кәкішұлы Тұрсынбек.

Қазақстан ғалымдарының библиографиясына материалдар. – Алматы: 2004.- 153б.

Қазақстан ғалымдарының өмірбаяндық библиография жүйелігінің жалғасы болып табылатын бұл көрсеткіш Халықаралық жоғарғы мектептер ғылым академиясының академигі, профессор Т.К.Кәкішевке арналған. Библиографияда жинақталған материалдар профессор Т.К.Кәкішевтің өмірі мен қызметін сипаттайтын мәліметтер, оның еңбектері және ол туралы әдебиеттер енгізілген. Көрсеткіште материалдар әр жыл көлемінде мерзімдік тәртіппен орналасқан. Әуелі қазақша, одан кейін орыс тілдерінде беріліп отыр. Еңбектердің алфавиттік көрсеткішінде және бірлесіп жазылған авторлардың атаулар көрсеткішінде сілтемелер еңбектердің хронологиялық көрсеткішінде орналастырылған жұмыстардың рет санымен берілген.

0001 (3).png

Кәкішұлы Тұрсынбек

Жанр жайлауы. 1-кітап: Оқу құралы.- Алматы: «Қазақ университеті», 2007.- 462 бет.

Профессор Т. Кәкішұлының «Сын мен сыншы» деген атпен шығарып жатқан еңбектері қазақ әдебиеті сынының курсына көмекші құрал болмақшы. Бұл серияның алғашқысы «Жанр жайлауы» деп аталса, келешектегісі «Үзеңгілестер» делінбек. Ал қаулы қарарлар мен ұлы ақын – жазушылардың сынға байланысты ой – пікірлері «Асыл ойлар» деген үшінші жинақтың негізі болмақ. Қазақ әдебиетінің тарихын сын сүзгіден өткізіп, оқушы таным – білімін молайтуға жәрдемі тиеді деп ойлаймыз.

Бұл еңбектер негізінен жастарға, студенттерге, мұғалімдерге және әдебиетіміздің өткені мен бүгінгісін білуге құмартқан оқырмандарға арналады.

0001 (4).png

Кәкішұлы Тұрсынбек

Қазақ әдебиеті сынының тарихы. 1 – бөлім (Оқу құралы).- Алматы: «Білім», 2002.- 188 бет.

Оқу құралында қазақ әдебиеті сынының тарихына, жанрлардың сипаттамасына баса назар аударып, сыни ой – пікірлердің шығу, даму, қалыптасу кезеңдерінде жан – жақты талдау жасалған.  Әдеби сынның эстетикалық мұраты, оның әдебиеттану ғылымымен байланысы, әдеби мұраны игеру мәселелері туралы парасатты тұжырымдар айтылған.

      Кітап жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, сондай –ақ  әдебиетшілерге арналған.

0001 (5).png

Кәкішұлы Тұрсынбек

Қазақ әдебиеті сынының тарихы. 2- бөлім. (Оқу құралы). Алматы: «Білім».- 2003.- 232б.

Қазақ әдебиеті сынының тарихы атты оқу құралының екінші бөлімінде алғашқы кітаптағы әдеби сынның эстетикалық мұраты мен әдебиеттану ғылымымен байланысы жайлы тұжырымдар жан – жақты талданып, кеңейтіле түседі.

Кітап жоғары оқу орындарының студенттеріне  сондай – ақ әдебиет сүйер қауымға арналған.

0001 (6).png

Кәкішұлы Тұрсынбек.

«Тар жол тайғақ кешудің» тағдыры: Көмекші оқу құралы. Алматы: «Санат», 1997.- 224бет.

Кітап С.Сейфуллиннің атақты «Тар жол тайғақ кешу» романының жаңа көзқараспен зерттеуге арналған. Авторлар мемуардың 1927 жылдан кейін жарық көрген басылымдарын салыстырып, тың ойлар, соны тұжырымдар айтады, оқырманға беймәлім архив деректерін, қаламгердің өмірі жөнінде жаңа мәліметтерді баяндайды.

      Кітапты мұғалімдер, студенттер, жоғары класс оқушылары көмекші оқу құралы ретінде пайдалана алады.

bottom of page