top of page

         Қазақ ғылыми ойының алтын қазығы іспетті тұлғалар аз емес. Олар кеңестік жүйеде де, тәуелсіздік дәуірінде де өз сөзін тайсалмай айтып, әдебиетке адалдығын көрсетіп жүр. Әрине, олардың қатары сиреп барады. Бірақ олар бар. Екпіндей сөйлеп, ашық айтып, анығын ақтарып жүрген, шенеунікке жаны жанаспай тұратын, шындық деп шырылдап жүрген бір адам бар. Ол – Тұрсынбек Кәкішұлы, ғалым, қайраткер, ұстаз. Тұрсекең ешқашан мансап қуып, біреуді ағалап, біреуді жағалап көрмеген, кейде қатты, кейде тәтті айтуды білмейтін тәні ерекше жан. Мансап қумаса да, жеке кабинетте шалқайып отырмаса да, аяғын алшаң басатын, кеудесін тік ұстайтын ұлағатты адам. Тұрсынбек Кәкішұлының білімі терең, сөзі бәтуалы, ұрысқаны мен сипағаны білінбейтін бір сөзді, білгір ғалым, көрнекті көсемсөзші. Тұрсекең қазақ әдебиеті тарихының зерделі зерттеушісі де. «Мен ұлтшыл емеспін, ұлтжандымын» деп, атылар алдында Сәкен айтқан сөзді тауып жариялаған- Тұрсекең! Сәкен серінің сұлу тістерін суырып, ұрты ішіне түскен суретін әкеліп, газетке берген де – Тұрсекең. «Тұрсынбектің кітабы оқырмандарды қызықтырып отыратын тартымды түрде жазылған. Көп жерлерде көркем очерктің әдісі де қолданылып, әдемі бояулар мен көрікті картиналар жасалған. Көп беттердің тілі де тәтті. Сәкен ағайдың қызғылықты, уақиғаға толы, бай өмірі мен ісі туралы жазылған бұл кітап – Сәкенді танудың  сәтті жазылған кезекті шығармасы». Уақыт бәріне төреші. Әдебиетті иедологияның қаруы еткен заман келмеске кетті. Ел бесігін түзеп жатыр. Қазақ әдеби ғылыми жаңа бағытта дамып отыр.

4567.jpg
bottom of page