top of page

     «ОЯН, ҚАЗАҚ!» ­- бұл сөздің құдіреті де қасиеті де сол - осы отты өлеңнің жарық көргеніне ғасырдан астам уақыт өтсе де, сол қаныш тамшылаған өзекті күйінде қалып отырғандығы - бүгінде қазақ байтағын індеттей жайлаған бойкүйездік,  самарқаулық, жалқаулық, еріншектік - қысқасы ұлтымызды ұлық істерден кері тартып отырған барша кесапаттарды тап басып айта білген, содан арылуға үндейді, намысқа шақырады. Сондықтанда, тағы да «Оян, қазақ!»

Нұрлан ДУЛАТБЕКОВ,

заң ғылымдарының докторы, профессор.

 

       Міржақып өте жылдам жазған және өте өткір тақырыпқа жазған. Елдік сұранысты жақсы білетін журналист болды. «Қазақ» газеті сондай сапада, сондай мазмұнда, сондай биіктіктен көрінуіне меніңше, бірден-бір Міржақып Дулатұлына қарыздар. Жалпы Міржақып Дулатұлы қазақ журналистикасын жаңа сапаға көтерген адам. Біріншіден, қазақ журналистикасын елмен жалғастырды. Қазақ журналистикасына саяси мазмұн, астар беруде меніңше, Міржақып Дулатұлының орны анық аңғарылады, 

Мәмбет Қойгелдиев.

     Міржақып Дулатұлы — әдебиеттің әр түрлі жанрына қалам тартқан қаламгер. алғашқы кітабы — "Оян, қазақ!" деген атпен Петербург қаласындағы жарық көрген өлең жинағы. Міржақыптың өлендері халықты оятуға, әділетсіздікпен күресуге арналған. Сол себепті де кітап тұтқындалып, авторы қуғынға ұшырайды. XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға

Әлихан Бөкейханов.

     Міржақып Дулатұлының өмірлік мақсатының биік нысанасы, тапжылмас темірқазығы - біркүндік даңқ, өтпелі дәулет, баянсыз шен емес, туған халқының бостандығы, өзін-өзі билеуі, отарлық езгіден құтылуы, ол қуғын-сүргін керіп, түрмелер азабын тартып жүрген азапты күндерінің өзінде де, ақтық демі біткенше бүл жолдан тайған жоқ. Қазақ жұртының бүгінгі, болашақ буындарына алаш деп ұран салып, келешек үшін арыстанша алысқан Міржақып Дулатұлымен бауырындай етіп табыстыратын, айналып келгенде, осы мәңгілік жасайтын асыл қасиеттер.

Ғабит Мүсірепов.

bottom of page