top of page
dulatov-m-bes-tomdyk-sygarm-zin-1-tom-100699576-1.jpg

Міржақып Дулатұлы

Алты томдық шығармалар жинағы. 1- том

Бірінші  томға халқымыздың  ұлы перзенті ,көрнекті ақын, жалынды публицист Міржақып Дулатұлының «Оян қазақ!», «Азамат», «Терме» өлеңдер жинақтары, жеке жинаққа кірмеген өлеңдері, «Бақытсыз Жамал» романы мен «Балқия» атты пьесасы және әңгімелері енгізілді.

0520c79397b937cebdd8430144ff12df.jpg

Міржақып Дулатұлы

Алты томдық шығармалар жинағы. 2- том

Екінші томға Міржақып Дулатұлының 1907- 1917 жылдар аралығындағы мерзімді баспасөзде жарық көрген еңбектері енгізілді. Тарихи кезеңнің небір көкейкесті мәселелерін қозғаған М. Дулатұлының қайраткерлік және қаламгерлік қабілетінің қалыптасып ,ашыла бастаған тұсы да осы жылдар .Оның қаламынан туындап, бұқара санасында айқын із қалдырған осы еңбектерін оқығанда ,бүгінгі оқырман сол кездің тарихи бейнесін көз алдына елестеткендей болады.

dulatov-m-bes-tomdyk-sygarm-zin-3-tom-100699557-1.jpg

Міржақып Дулатұлы .

Алты томдық шығармалар жинағы. 3 – том

Үшінші томға М. Дулатұлының 1920 – 1929 жылдар аралығындағы мерзімді баспасөзде жарық көрген еңбектері енгізілді . Өткен ғасырдың сонау алғашқы жылдарындағы жас талап ауыл мұғалімдерінен Алаштың атпал азаматы болып қалыптасқанға дейінгі Міржақып Дулатұлының бүкіл өміріне азық болған бір ғана мақсат ,бір ғана уайым болды. Ол – туған халқының тағдыры . Кезекті томға беташар ретінде тұңғыш рет жарияланып отырған Міржақыптың «Ұрпаққа хатының» «бісмілләсі» де осыдан басталады.

«Қазақ тілінде басылған кітаптар көрсеткішінің» екі бөлімі де осы томға берілді.

37a719c8a9bcbd2fcb263a22da49a432.jpg

Міржақып Дулатұлы .

Алты томдық шығармалар жинағы. 5 – том

Халқымыздың ұлы перзенті ,ұлт болашағын аңсаған көрнекті ақын Міржақып Дулатұлының шығармашылық мұрасындағы мәнді де маңызды сала – оның аудармалары . Қарымды қаламгердің бұл саладағы еңбектеріне зер салар болсақ, оның ақындық өнері мен прозалық еңбектері сияқты ,тәржімәлі тәжірибелері де табиғи таланты мен өмірлік қажеттерінен туып ,жүйелі түрде дамуын тапқан бағалы дүниелер екені даусыз. Солардың ішінде іріктеп алынып, осы томға енгіліп отырған «Қылмыстық істерді жүргізудің заңы» , «Ақы заңы», «Ауыл шаруашылығы артелінің уставы» атты аудармалары да осы қатардағы еңбектер.

Міржақыптың оралуы.jpg

Міржақыптың оралуы, Возвращение из небытия

Жазушы-журналист осы айрықша жауапты сапарнамаға республикалық "Егемен Қазақстан" газетінің тапсырмасымен қатысқан еді. Автор тәуелсіз мемлекетіміздің тарихындағы осынау алабөтен оқиғадан көзбен көргендерін, алған әсерлерін М.Дулатұлының өмірімен тығыз сабақтастыра отырып баяндайды.

bottom of page