top of page

    Сіздерге ұсынылып отырған осы көрме арқылы,  қарға тамырлы қазақ үшін, айбарлы алты алаш үшін жанын қиған асыл арыстарымыздың бірі - Міржақып Дулатұлы. Өз еркімен емес, темір шеңгелді жалмауыз жүйенің маңдайға тиген қатты соққысынан қалың ұйқыға кеткен қаймана халықтың есін жинап, еңсесін көтерту үшін шыбын жанын шүберекке түйіп, бозторғайдай шырылдаған, сол күрес жолында қоғам қайраткері болып қана қоймай, қазақ әдебиетінің дамуына өлшеусіз үлес қосып, ұрпағына баға жетпес асыл қазына қалдырып кеткен сегіз қырлы, бір сырлы дарын  туралы тың деректерге, ой толғауларға  назар аударыңыздар!

bottom of page