top of page

1. Шығу тегі

Арғы тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов 1870 жылы, наурыздың 5 жұлдызында бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезінде, Тоқырауын болысының 7-ші ауылында дүниеге келген. Бүгінде Шабанбай би селолық округы болып кетті. Әлиханның тегі алғашында Нұрмұхамедов болған деп көрсетіледі, кейіннен жоғарғы оқу орнының соңғы курсында ол өз қалауымен тегін Бөкейханов етіп өзгерткен.

2. Білімі

Әлихан Бөкейханов Қарқаралыдағы ауыл молдасынан арабша тіл сындырады. Кейіннен қаладағы үш сыныпты, орыс тілді бастауыш мектепке ауысады. Оны тәмамдаған соң, 1879-1886 жылдары Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепке қабылданады. 1886-1890 жылдар аралығында Омбыдағы техникалық училищеге түседі. 1890-1894 жылдары Санкт-Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика факультетінде білім алады.

3. Қарқаралыпетициясы

1905 жылдан бастап Ресей конституциялық демократиялық партиясының (кадеттер) мүшесі болады. Осы жылы Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Жақып Ақбаевпен бірге Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылардың бірі болды. Петицияға 14 500 адам қол қойған.

4. Тұтқындалған депутат

1905 жылдың күз айында ғалым публицист Семей облысы қазақтарының атынан Ресей патшалығына 1-ші Мемлекеттік думаға депутат болып сайланады. Алайда ол дума жұмысына қатыса алмады. Себебі, дала өлкесінің генерал губернаторының негізсіз айыптауымен 3 ай Павлодар абақтасына жабылады.

5. Шетелдегі қызметі

Абақтыдан шыққан Әлихан Бөкейханов сол кезде тарап кеткен дума мүшелерінің артынан Финляндияның Выборг қаласына келеді. Выборг үндеуіне қол қояды. Сол үшін жазаланып, 3 айға Семей түрмесіне жабылады.

6. Шығармашылық жұмыстары

Әлихан Бөкейхановтың мұрасы әр салаға арналған мыңдаған очерктер мен мақалалардан тұрады. Олар Ресей мен қазақ елінің барлық басылымдарында жарық көрді. Зерттеуші ғалымның, көрнекті публицист Әлиханның экономика, әдебиеттану, ормантану, ауыл шаруашылық салаларына арналған көптеген жазбалары сақталған.

7. Толқынды 1917 жыл

1917 жылы Әлихан қазақ тарихындағы алғашқы саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға кіріседі, артынша желтоқсан айында Алаш автономиясын жариялайды. Оның үкіметі болып Алашорда құрылады. Қазақ даласындағы тұңғыш үкіметтің төрағасы болып Әлихан Бөкейханов тағайындалады.

8. 20 жылдардағы тұтқындау

1920 жылы Алаш автономиясы тарих сахнасынан біржолата жоғалып, оның мүшелері қудаланады. Әлихан Бөкейханов Мәскеуге жер аударылып, сонда 10 жыл бойы үй қамақта отырады.

 

9. Ату жазасы

Бутырка абақтысына қамалған Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов 1937 жылы 67 жасында Мәскеуде ату жазасына кесіледі. Әлиханның қабірнің қайда екені жайлы мағлұмат тек 2007 жылы жария етілді. Ол Мәскеудегі Дон бауырластар зиратына көмілген.

10. Отбасы

Әлихан Бөкейханов Яков Севостьяновтыңқызы Ольгаға үйленген. 1903 жылы қызы Елизавета, ал 1910 жылы ұлы Өкітай дүниеге келеді. Бөкейхановтың қызы Смағұл Сәдуақасовқа күйеуге шыққан. 1957 жылы ұлы Өкітай жұмбақ жағдайда өмірден озған.

Қоғамдық-саяси баспа сөзге келуі 1906 жылы Омбыда шыққан кадеттік «Голос степи», «Омич» және «Иртыш» газеттерінде бас редактор болады. 1908 жылы Санкт-Петербургта жарық көрген меньшевиктік «Товарищ», кадеттік «Речь», «Слово» басылымдарында басшылық қызметте жүреді. 1909 жылы «Дон егіншілік банкі» бөлімшесінде жұмыс жасайды. 1911 жылы Ахмет Байтұрсыновпен бірлесе «Қазақ» газетін шығаруға атсалысады. Осы кезде жандармерияның қара тізіміне ілігіп, Самар қаласына жер аударылады. 1916 жылы жер аудару мерзімі аяқталған соң, Орынборға қайта оралып, қалалық думаға сайланады. Әлихан Бөкейхановтың мұрасы әр салаға арналған мыңдаған очерктер мен мақалалардан тұрады. Олар Ресей мен қазақ елінің барлық басылымдарында жарық көрді. Зерттеуші ғалымның, көрнекті публицист Әлиханның экономика, әдебиеттану, ормантану, ауыл шаруашылық салаларына арналған көптеген жазбалары сақталған.

bottom of page