top of page

Софы 1941 жылы 22 маусымда Қарағанды облысы Ақадыр ауданында Киік стансасында  дүниеге келген. Сол жерде мектеп табалдырығын аттап, Жаңаарқа аудан орталығында нағашыларының қолында бітірген. 

1959 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне түсіп, бір жылдан кейін Мәскеудің Болат және қорытпалар институтына ауысқан. Негізгі мамандығы – инженер-металлург. Мәскеудің «Орақ пен балға», Туланың, Теміртаудың металлургия зауыттарында, Қазақ КСР Ғылым академиясының Металлургия және кен байыту институтында қызмет атқарды. Біраз жыл «Жұлдыз» журналы проза бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан КП Орталық Комитетінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі болды. 1989 жылдан Қазақ КСР мемлекеттік Кітап палатасының (қазіргі ҚР ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы) бас директоры болып қызмет істеген. 2006 жылдан Алматы қаласы әкімдігінің кеңесшісі.         

Жасынан әдебиетке құмар Софы инженер-метталург болып жүріп әдебиетпен шұғылдана бастайды, өлеңдер, шағын көлемдегі прозалық шығармалар жазады. Қазақ тарихының мәселелерін зерттеп, тарихи тақырыпта тың туындылар жазуға дайындалады. Ақыры 1968 жылы мамандығын өзгертіп, әдеби қызметке ауысады. Софы қазақ сыны мен әдебиет зерттеу ғылымында тиісті бағасын алған. Оның кітаптары Р.Бердібай, Ш.Елеукенов, С.Қирабаев, Т.Сыдықов, З.Серіққалиев сияқты сыншылардың талдауынан өткен. Жеке кітаптары жайлы бірсыпыра мақалалар мен рецензиялар бар. 

bottom of page