
«Жаһанға мәшһүр жауһар жыры даңғыл,
Ұлыстың мақтанышы – ұлы Жамбыл»
Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл.
Қазақ ауыз әдебиетінің соңғы саңлағы Жамбыл бабамыз. Дешті-Қыпшақ даласының алдында, өмірінің алдында оның титімдей кінәсі де, күнәсі де болған жоқ. Тәңірге табынған Жамбыл, таққа табынбады.Бұны ұғу үшін Өзіңді, Өзгені, Өнерді,Өмірді құрмет тұту керек деп ойға берілген.
Роллан Сейсенбаев
Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан сықылды. Оны жинап алып, халқының қолына беру-біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.
Сәкен Сейфуллин
Жамбыл- ақыл-ойдың алғыры, өзгеге ұқсамайтын дара, оқшау бет-бейнесімен аса зор құбылыс. Оның бір өзі –әрі эпик ақын, әрі айтыс ақыны, әрі азаматтық әуеннің де ақыны.
Мұхтар Әуезов
Жамбыл өмірге жымия қарап, сынай өскен ақын еді. Оның ойлы көздерінің түбінде, қашанда бір сықақ ұшқыны тұратын!
Ғ.Мүсірепов