top of page

        Ғылымының түрлі саласынан даярлығы мол Шәкәрім қажы ислам діні жолын ұстаған тұлға. Сондықтан да Алла атын алдымен ауызға алады. Он сегіз мың ғаламды жаратушы Алла екеніне қылаудай күдігі жоқ.

  Ханкелді Әбжанов

       «Шәкәрімнің қаламгерлік қызметі тек ақындықпен, аудармашылықпен шектелмейді. Ғұлама еңбегі сан салалы. Оның суреткер ретіндегі мұрасының бір тармағы – проза болса (әйел бостандығы, ескі қазақ аулындағы саяси-әлеуметтік жағдай туралы жазылған «Әділ – Мария» повесі), автор мүлде басқа тұрғыдан көрінетін тағы бір мол арна – тарих пен философия» – деген пайым бар.

Мұхтар Мағауин

        Абай мен Шәкәрімнің бір таным өрісінде болып, бір бұлақтың нәрінен сусындағаны айқын.  Абайдың қара сөздерінің танымының әдеби көздерін іздегенде дәйекті дерек, дұрыс бағыт алар ұғынықты болар дүниені  Шәкәрімнің  қара сөздерімен байланыстырсақ, өте орынды болар еді.

Өмірзақ Сұлтанов

bottom of page