top of page
0001.png

Шәкәрім мен Қайым. 

Тағдырлас.- Астана, «Фолиант», 2009.- 336 б.

Құрметті оқырман! Өзіңізге ұсынылған мына жинақ тағдыры қасіртпен аяқталған ақын Ш.Құдайбердіұлының өмірі, шығармашылығы туралы қысқаша мағлұмат береді және бұл тарихи тұлғаны заманның қара дағынан толық ақтап алу жолында көрнекті ғалым Қайым Мұхамедханов жүргізген жанкештілік күреспен таныстырады.

bigcover.png

Ыбырай Алтынсарин. Шәкәрім Құдайбердіұлы [Text] / ... – Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2007. - 632 б., сурет.;– (Тұлғалар. - Мәтін қазақ және орыс тілдерінде . . – 9965-893-09-8 (мұқ.)

bigcover (1).png

Ұғым мәдениеті: (Шәкәрім шығармашылығы аясында) / Т. Шаңбай ; [ғылыми кеңесші Ғ. Есім; жауапты редакторы Е. Сыдықов]... – Алматы : Раритет, 2009. - 350, [1] б.– (Шәкәрім әлемі. - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әлеуметтік маңызды әдебиет турлерін шығару» бағдарламасы . . – 2 000 дана – 978-601-250-053-0 (мұқ.)

bigcover (2).png

Шәкәрім шыңы: (ұлы ойшыл көтерілген рухани деңгей) : дүниетаным / Омаров, Досым ... – Алматы : [Б.ж.], 2008. - 208 б. . – Библиогр.: 203-204 б. . – 978-601-217-033-7 (мұқ.)

0001 (9).png

Шәкәрім ғибраты. Қытай қазақтары ғалымдарының зерттеулері. Ғылыми жинақ. Семей, 2008.- 234 бет.

 Жинақта Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты Қытайдағы қазақ және басқа ұлттар зерттеушілерінің еңбектері берілген. Жинақ Ш.Құдайбердіұлының туғанына 150 жыл толуына арналған.

0001 (4).png

Шәкәрім.

         Иманым.- Алматы: «Арыс» баспасы, 2000.- 321 бет.

Қазақ ойшылы Ш.Құдайбердіұлының бұл жинағында жаратылыс жұмбағы, Алла мен адам қарым – қатынасы, иман жайлы туындылары қамтылады. Ой бастауы Құран Кәрімнен құйылар Шәкәрімнің сыр сөздері бүгінгі қоғамның тынысымен үндес екендігі – даусыз ақиқат.

         Кітап өткенін бағалауға, руханият әлемін көкірек көзімен кезуге ынтызар оқырманға, көпшілік қауымға арналады.

0001 (6).png

Құдайбердіұлы Ш.

         Қазақ айнасы. Өлеңдер мен поэмалар. – Алматы: Атамұра, 2003.- 296 бет.

         XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті тарихындағы  ірі тұлғалардың бірі Ұлы Абайдың реалистік дәстүрін жалғастырған, эпикалық жанрдың дамуына үлес қосқан Ш. Құдайбердіұлының  бұл жинағына нақты өмір суреттерін, махаббат мәңгілігін, табиғат әсемдігін өзек еткен,  сондай – ақ ақылгөйлік, әлеуметтік – ағартушылық сипаттағы өлеңдерімен бірге «Қалқаман - Мамыр», «Еңлік - Кебек», «Нартайлақ пен Айсұлу», «Қодардың өлімі» және «Ләйлі- Мәжнүн» сияқты эпикалық поэмалар берілген.

         Кітап көпшілік оқырманға арналған.

0001 (7).png

Құдайбердіұлы, Ш.

  Өлеңдері мен поэмалары/ Құрас. Х. Сүйіншәлиев. – Алматы: Рауан, 1990.- 208 бет.

    Бұл жинаққа  Шәкәрім Құдайбердіұлы әлеуметтік, ағартушылық, ақылгөйлік сипаттағы өлеңдері және «Ләйлі- Мәжнүн», «Қалқаман - Мамыр», «Еңлік - Кебек» атты эпикалық поэмалар беріліп отыр.

    Жинақ мектеп мұғалімдері мен оқушыларға арналған.

bottom of page