top of page

Медеу Сәрсеке – деректі, тарихи, ғұмырнамалық шығарма жазудың қыр-сырын әбден меңгерген қаламгер. Қолына алған тақырыптың «жілігін шағып, майын ішер» шеберлікке жеткені де даусыз шындық.

Арап Еспенбетов

Семейдің Шәкәрім атындағы мемлекеттік

университетінің профессоры, филология

ғылымдарының докторы.

«Абай» журналында қызмет атқарған ұзақ жылдарда Медеу ағамен үнемі рухани байланыста болдым. Медеу аға маған ағалық, жазушылық ақылын айтса, шынын айтады; әдеби мақалаларды көп жазатынымды аса қабылдамайды, «алтын уақытынды бекер шығындамай, ірі дүниелер жаз, көп болса, жұрт сені білгіш қыз дейді, мақала деген уақытша дүние, кесек прозаға бар, артыңа қалатын шынайы берекелі дүние сол» дейтінін іштей хош көретінім рас.

Айгүл Кемелбаева,

жазушы, «Дарын» мемлекеттік жастар

сыйлығының лауреаты

  • Instagram
bottom of page