top of page
М.Сәрсеке3.jpg

Семейде тұратын қаламгерді күллі Одаққа танытқан басты шығармасы – тегінде «Сәтбаев». Жас қаламгердің Қ. И. Сәтбаев» ғұмырнамасымен шұғылдануы да себепсіз емес, әдебиетке әуесқой инженерді академик Ә.Х.Марғұлан 1963 жылы Алматыға шақырып, осы тақырыппен түбегейлі айналысуына ой салған. Тоқетерін айтқанда, М. Сәрсеке 12 жыл ізденіс жасап, академик Сәтбаевтың өмір соқпақтарын ерінбей кезіп, Баянауыл, Ұлытау-Жезқазған, Қарағанды, Қызылорда, Ташкент, Том, Мәскеу, Ленинград (Санкт-Петербург) және Алматы мұрағаттарын ақтарып, біртуар ғалым істес болған адамдардың (ұзыны саны төрт жүзден астам) естеліктерін жазып алып, тыңғылықты ізденіс жасап, ақырында «Қаныш Сәтбаев» аталған ғұмырнама еңбегін «Жазушы» баспасының тыңнан шығармақ «Жайсаң жандар» топтамасына 1974 жылы ұсынған.

                                                                        Серік НЕГИМОВ,

филология ғылымдарының докторы, профессор.

  • Instagram
bottom of page