top of page

Ілияс Жансүгіровтің жан-жақты талант иесі екенін халық әлдеқашан мойындаған. Қаламгердің сан-салалы асыл мұраларының құны жойылмайтыны анық.

Осы баға жетпес дүниелерді зерделеу — қазіргі ұрпақ еншісінде. Ілиястың шығармаларымен қатар оның ғұмырлық жолын қарастыру да кешеуілдетуге жатпайтын мәселе. Қазақ әдебиетінде қаламгерлердің биографиялық болмыс-бітімдері жөніндегі фактілерді зерттеу кеш қолға алынса да, біршама қазақ даналарының ғұмырлық кейбір қалтарыс беттері айқындалды.

Ілияс замандастары ішінде «тонның ішкі бауындай» болып кеткен.

 

Филология ғылымдарының докторы, профессор Т.Кәкішев.

 

 

Ілияс Жансүгіров тек ақын ғана емес, үлкен прозаик, драматург, сатирик және талантты аудармашы да. Ілияс Жансүгіровтің қазақ әдебиеті тарихында алатын орны үлкен. Ол өзінің шығармаларымен әдебиетіміздегі көркемдік тәсілді қалыптастыруға елеулі үлес қосты. Заман шындығын, оның өткен шырғалаңын нақты суреттей білген реалист қаламгер. Сөз зергерінің айшықты туындылары қазақтың көркем сөз мәдениетін дамытты, әдеби тілді байытты.
 

Филология ғылымдарының докторы М.М.Иманғазинов.


Ілияс Жансүгіров – қазақ әдебиетінің төкпе жорғасы ,алдына қара салмайтын тұлпары ,биік бәйтерегі ,жырдың алтын діңгегі ,заңғар шыңы , қайталана бермейтін ғажайып құбылыс.

                                                                                   

                                                                                    Мырзатай Жолдасбеков

bottom of page