«Жайықтың Ақ шағаласы»
Аққудың көгілдіріндей көркем қызды көрген ақын өз деміне өзі булығып, шабытына мініп, шалқып –тасып шыға келеді. Ақындық сезімін ақтарып салып, ақ тілегін қосады. «Деміме мынау алқынған, сен енді тоқтарсың ба, оралып ұшқан алдымнан, Оралдан шыққан көк қаршыға!» -деп тұлпар ақын бір орнында тыпыршып тұра алмай ауыздығын қарш-қарш шайнайды.
Төлеген Айбергенов
«Ақұштап Бақтыгерееваның есімі жыр сүйер қауымға көптен таныс. Ол қазіргі қазақ поэзиясында қалам тартқан қыздар арасында лирикалық өлеңдер көшін бастаушылардың бірі десек артық айтқандық емес. Ақынның алғашқы тырнақалдысы «Өрімталдан», «Жайық қызы» атты жинағына дейін өзінің туған жері –Ақ Жайық өңірін оның аяулы адамдарын жырламай қалған емес» - деп ақынның қандай қаламгер екендігін осылай жеткізеді.
Ғайса-Ғали Сейтақ
«Мен Оралды үш қыз арқылы таниды екенмін. Бірі –аңыз болған Қыз Жібек, екіншісі –батыр туған –Мәншүк, үшіншісі –ақындық өзіндік мінезі бар мен білетін Ақұштап».
Әбіш Кекілбаев