top of page
7f945fc7111cf4fe3b4d7f547c84273e.jpeg

Ақұштап Бақтыгереева 1944 жылы 23 тамызда Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Еңбек ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік қыздар пединститутының филология факультетін бітірген (1966). 1966–1971 жж. Орал облыстық «Орал өңірі», Талдықорған облыстық «Октябрь туы», республикалық «Қазақ әдебиеті» газеттерінде әдеби қызметкер, 1971–1972 жж. «Қазақфильм» киностудиясында редактор, 1972–1975 жж. «Жұлдыз» журналында әдеби қызметкер, 1975–1981 жж. «Жазушы» баспасының аударма редакциясында редактор болған. Қазір Қазақстан Жазушылар одағының Батыс Қазақстан облысындағы филиалының директоры. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2012). "Алаш" Халықаралық әдеби сыйлығының иегері. Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы (2017). Құрмет орденінің иегері (2005).

bottom of page