«Айтыс өнерінің дарабозы»
Айтыскер ақын Аманжол Дүйсенбайұлы Әлтаев 1971 жылдың 31 тамызында қазіргі Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ақтүбек ауылында дүниеге келді. Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген (1993). 1993 жылдан осы университеттің қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеген. Қазір Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқытушы. Арғын тайпасы Қуандық руының мойын рақпанқұл бөлімінен шыққан. Арқаның айтыскер ақыны, Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі, «Дарын» сыйлығының, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор. Аманжол Әлтаев әмбебап, ұлт ұғымындағы сегіз қырлы, бір сырлы азамат және рухани дамуымызды, әсіресе, айтыс өнерінің қайта туындап, өркендеп, кемелденуіне өлшеусіз үлес қосқан өнерпаз, сазгерлік өнердің тізгінін ұстаған өнер иесі.