top of page

     Алғашқы әңгімелер жинағы «Армысың, ару күн!» деген атпен «Жалын» баспасынан 1987 жылы шығып, ол әдеби жыл қорытындысында лайықты бағасын алған. 1991 жылы осы баспадан «Ашық сабақ» жинағы жарық көрді.

1998 жылы «Жалғыздан қалған тұяқ» повесті үшін Т. Айбергенов атындағы сыйлық иегері атанса, 2000 жылы «Жалғанның жанды қуыршақтары» повестімен Халықаралық бәйгенің жеңімпазы деп танылды.

       Т. Әлжантегі төрт романдардың авторы. «Қым-қиғаш тіршілік», «Ақ-қараның арасы», «Сегіз сері», «Сарбас ақын» сияқты шығармалары оқырмандарының жүрегіне жол тапқан туындылар. Сондай-ақ, «Еркектің киесі» әңгімесі Түркі тілдес елдер әдебиеті жариялаған Махмұт Қашқари атындағы Халықаралық бәйгенің жүлдегерлер сапын толықтырса, бірнеше туындылары Республикалық, Халықаралық бәйгелердің бәйге басынан көрінді.

          Драматургия саласында да табысты еңбек етіп келеді. «Періштелер жерде ғұмыр кешпейді» драмасы Семейдің Абай, Атыраудың Махамбет, Қарағандының С. Сейфуллин атындағы және басқа театрларда сахналанған. Сонымен қатар, драмалары республикалық конкурстарда бірнеше рет жүлделер алып шықты.

     Ән жазумен де айналысады. «Жаңаарқа вальсі», «Қызылтас», «Тым кештеу жолықтық па...» әндерін Қазақстанға танымал әншілер орындап жүр.

bottom of page