top of page

Ол жан – жақты дарын иесі ретінде өзінің бүкіл білімі мен қажыр – қайратын туған халқының мүддесіне бағыштап, мейлінше мақсатты әрі жемісті еңбек ете білген аса айтулы тұлға еді. Сол себепті, төл мәдениетіміздің жаңғырып, өсіп – өркендеуіне мол үлес қосып, өзінің айшықты ізін қалдыра білді. Еңбегімен халқымыздың зор құрметі мен сүйіспеншілігіне бөленді. Онымен жастай танысып, өзара сыйлас, пікірлес болғанымды ұмытпаймын.

                                                                            Нұрсұлтан Назарбаев

                                         Қазақстан Республикасының Президенті

«Ақселеу Сейдімбектің азамат ретіндегі болмысын айғақтайтын айқын қасиеттерінің ең бастысы –оның жалтақсыз ұлтжандылығы»

 

                                                         Қойшығара Салғарин

Сөз киесі қонған қаламгер, көкірегінде күй күмбірлеген өнерпаз, «Дәурен – айдай» әнін ұлан дала шамырқана шырқаған сазгер сәбиінде бесік болып тербеткен, ержеткенде қияға құлаш серметкен  сол дала биіктеріндей ешқашанда аласармайтын тұлға бейнесінде танылды, туған халқының ары мен намысы, кеткен кегі, ертеңгі қол жетері үшін ғұмыр бойы күресті. Ғасырларда есесі кеткен елінің өнерін өрнектеді, тарихын түгендеді, дәстүрін дәуірлетті.

 

                                                                 Алдан  Смайыл,

                            Қазақстан Республикасы Парламенті

                                                        Мәжілісінің депутаты

bottom of page