top of page

Кәкімбек Салықов  - Шығармалары 1 том

          Астана– 2013 жыл

    Қазақтың көрнекті ақыны Кәкімбек Салықовтың бұл жинағына әр жылдары жазылған поэмалары топтастырылды. Жинаққа әйгілі композитор Нұрғиса Тілендиевқа арналған «Отырар сазы», ұлы күйші Тәттімбет Қазанғапұлына арналған «Тәттімбет», тағы поэмалары енді. Нәзік жанды ақынның шұрайлы да шырайлы да шумақтары көңілге күй қондырып, жүректі баурайды.
Кітап жырсүйер көпшілік қауымға арналған.

Кәкімбек Салықов  - Шығармалары 2 том

           Астана – 2013 жыл

         Қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Кәкімбек Салықовтың бұл кітабына Сарыарқаның алтын тәжі – Астанаға арналған өлеңдері, Қарағанды және Ұлытау өңірлерінің өндірісі қайнаған, тәуелсіз елдің жаңа өмірі жайнаған келбетін паш ететін өлеңдері жинақталған.

Оқушы қауым «Жезкиіктің» елімен танысады. Арқаның асыл азаматтарымен ұшырасады.
  Кітап поэзия сүйер көпшілік оқырманға арналған.

03.png

Кәкімбек Салықов  - Шығармалары 3 том

           Астана – 2013 жыл

       Бұл кітапқа қазақтың көрнекті ақыны Кәкімбек Салықовтың орыс және әлемдік поэзияның заңғар биігінен мәңгілік орын алған А.С. Пушкин шығармашылығынан тәржімелері, яғни ақынның өлеңмен жазылған әйгілі романы – «Евгений Онегин», қанатты сөздері мен нақылдары және таңдаулы өлеңдері еніп отыр. Ақын аса күрделі һәм жауапты туындыларды қазақы қалыптағы ырғақпен шебер тәржімелеп, автордың негізгі ойы мен ақындық асыл тәсілінің інжу-маржандарын жоғалтпай жеткізген. Жинақ талғамы биік оқырманның көңілінен шығарына таласымыз жоқ.

Күзгі сарын: [өлеңдер, поэмалар]/ Салықов, Кәкімбек, - Астана : Елорда, 2005 . - 291 б. - 2000 дана . – 9965-06-409-1 (мұқ.)

Бұл жинаққа ақынның жаңа туындылары мен бұрынғы жинақтарына кірмей қалған әр жылғы өлеңдері мен поэмалары топтастырылған

bottom of page