top of page

1. «Қадыр Мырзалиевтің пікірлері маған өте ұнады. Мысалы: «Жас ақынға», «Жырға сыймас нұр көрдім», «Еңбек» өлеңінің өзінде жұртшылық аузына түсе қоймаған талай оралымдар, шеберліктер сезілетін сияқты болады»

Мұхтар Әуезов

 

2. «Қадыр – найзағайлы ақын. Дәуірдің, уақыттың өзі жаратқан өміршең ақын. Оның поэзиясы - өзіміз сүйіп отырған дәуір мінездес».

Мұқағали Мақатаев

 

3. «Қадыр - мықты бәрімізден де, менен де мықты ақын"

Жұбан Молдағалиев

 

4. «Ол (Қадыр) жұрттың бәріне белгілі таныс, тіпті етене боп сүйекке сіңірген күнделікті өмір, тұрмыс құбылыстарынан өнегелі ой түюге өте шебер. Бірақ бұл түйін миға қонбайтын, кісіні мезі қылатын жалаң үгіт-өсиет емес, миға да, жүрекке де оңай жол табатын ақыл мен сезімнің жарасымды түйіні. Ал үні болса жылы, жұмсақ, онда елірмелік те, лепірмелік те жоқ – жатық, жағымды»

Мұхамеджан Қаратаев

 

5. «Туған жер туралы толғанысты оның тарихы, салт-дәстүрі, халықтың жақсы мінездері жайлы ойлармен ұштастыруда. Қ.Мырзалиевтің ізденістері өте бағалы. «Ой орманы», «Дала дидары» кітаптары қазақ тағдыры жайлы ақынды тебіренткен ойлардың біздің бүгінгі өмір-тіршілігіміздің мән-мақсатын сезінуге бастайтынын көреміз. Ол шындыққа, құбылыстың сырына, дала тарихына ой көзімен қарауға үйретеді»

Серік Қирабаев

bottom of page