top of page

         2012 жылы Алматыда алғаш рет халықаралық «Исабеков әлемі» атты фестиваль өтті. Оған еліміздің 6 театры мен Болгария, Ресей, Тәжікстан, Башқұртстан, Түркия елдерінің театрлары қатысып, белгілі драматургтың туындыларын шебер орындаудан бақ сынасты. Осылайша, Дулат Исабеков өзінің ағалары, аталары жетпеген ерлікті жасады. 6 күнге созылған ол мәдени шарада драматургтың  «Тор», «Ескерткіш», «Мұрагерлер», «Бақыт құсы», «Енді қайттік», «Актриса», «Әпке», «Ескі үйдегі екі кездесу» атты тың туындылары сахналанды. Бұл фестивальдің ерекшелігі – сайысқа түскен өзге ұлт театрлары Дулат Исабековтың шығармаларын өз тілдеріне аударып, сомдады.

Алғашқы әңгімесі "Жолда", "Замандастар" атты жинақта 1963 жылы жарияланды. "Бекет" (1966), "Ащы бал" (1969), "Мазасыз күндер" (1970), "Қара шаңырақ" (1973), "Тіршілік" (1975) повестер мен әңгімелер жинақтары, "Қарғын" (1980) романы басылды.

           Тандаулы повестері "Екі жиырма" (1983) деген атпен жарық көрді. Бір-қатар шығармалары орыс тіліне аударылып, "Полынь" (1978), "Отчий дом" (1979), "Смятение" (1986), "Новоселье в старом доме" (1986) деген атпен басылды. Жекелеген туындылары венгр, неміс, поляк, чех тілдерінде жарияланды. Исабектің "Ректордың қабылдау күндері" (1975), "Әпке" (1977), "Ертеңгі күту" (1979), "Мұрагерлер" (1982), "Алыстан келген ананас" (1984), "Кішкентай ауыл" (1986), т.б. пьесалары республика, облысы театр сахналарында қойылды. Тандаулы пьесалары "Жеті желкен" 1987 жылы жарық көрді. Жекелеген туындылары бойын¬ша "Гауһар тас" (режиссер Ш.Бейсембаев, 1975), "Дермене" (режиссер Асанәлі Әшімов, 1986) көркем фильмдері түсірілді. "Мұрагерлер" пьесасы үшін оған Қазақстан Жазушылар одағында Мұхтар Әуезов атындағы сыйлығы берілген (1985)

bottom of page