Алғашқы өлеңдер жинағы «Арғымақ» 1962 ж. жарық көрген. Ондаған жыр жинақтарының авторы. Шығармалары орыс, украин, белорус, болгар, молдаван, түрікмен, әзербайжан, литван тілдеріне аударылған. Белгия ақыны Э.Верхарнның, авар ақыны Р. Ғамзатовтың, болгар ақыны Л. Левчевтің, орыс ақындары С.Михалковтың, Р.Рождественскийдің, З.Александрованың, молдаван ақыны Г.Виерудің, якут ақыны С.Даниловтың, түркімен ақыны Қ.Тәңірқұлиевтің т.б. ақындардың шығармаларын қазақ тіліне аударған. Екі томдық «Орыс поэзиясының антологиясын» аударуға қатысқан. Қазақстан Құрмет грамотасымен марапатталған.