ҚАЗАҚТЫҢ КӨРНЕКТІ АҚЫНЫ
Баянбай Қ.
«Балалар әдебиеті» баспасы. -2006. -144 бет.
Қазақ балалар поэзиясының көрнекті өкілі Қастек Баянбайдың «Асар» атты бұл кітабына оның соңғы жылдары жазған жаңа шығармалары енгізіліп отыр.
Қастек Баянбай
Егіздер/Қастек Баянбай – Алматы, «Балалар әдебиеті», 2015.
Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, қазақтың көрнекті ақыны Қастек Баянбайдың «Егіздер» дастаны балаларға үздік шығармалары республикалық бәйгесінде бас жүлдеге ие болған. Шығарма желісінің жеңілдігімен, айқын бояуымен, тартымды юморымен жас оқырмандарын баурап алары анық.
Баянбай Қастек.
Таңдамалы шығармалар. 1-том Қастек Баянбай. – Алматы: Хантәңірі, 2017 – 380 б.
Қазіргі қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, балаларға арналған көптеген жыр бәйгелерінің жеңімпазы, өлең-жырлары бастауыш сыныптарға арналған оқулықтарға енген ақын Қастек Баянбайдың таңдамалы шығармаларының 1-томына мектеп жасына дейінгі балғындардың, жас жеткіншектердің талғамына сай өлең-жырлары, «Қалау», «Егіздер» атты дастандары, «Жыртық қап», «Ержүрек шөже», «Қар мен қозы» секілді өлеңмен жазылған ертегілері, «Жүз жаңылтпаш» атты топтамасы еніп отыр.
Автордың бірнеше буын өкілдері оқып-жаттап өскен көп жанрлары шығармаларын жаңа заман жастары да қызыға оқиды деп сенеміз.
Баянбай Қастек.
Қастек Баянбай. – Алматы: Хантәңірі, 2017 – 380 б.
Белгілі балалар ақыны Қастек Баянбайдың шығармалары жинағының 2-томына автордың жас бүлдіршіндер мен мектеп жасындағы өрендерге арналған өлең-жырлары, дастандар, ертегілері, жұмбақтары, жыл мезгілдері, табиғат жайлы әдемі топтамалары еніп отыр.
Ақынның балалардың таным-түсінігіне, жас ерекшелігіне сай жазылған қызғылықты, ойнақы, жеңіл, әзілдік астарға толы туындылары нанымды, сенімді оңай оқылады, ұлттың мінез-құлық пен халықтық тәрбиемен ұштасып жатады.
Баянбай Қастек.
Қастек Баянбай. – Алматы: Хантәңірі, 2017 – 380 б.
Қазақтың белгілі ақыны, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Қастек Баянбайдың шығармалар жинағының 3-томына сыршыл нәзік сезім мен азаматтық әуенге толы лирикалық топтамалары еніп отыр.
Өз туындыларына адамгершілік асыл қасиеттерді арқау еткен автор бұрын балалар әдебиетінде кеңінен танылса, бұл еңбегінде лирик ақын ретінде жаңа қырынан көрінеді.
Баянбай Қ.
Ақшам: Өлең-дастандар/Қастек Баянбай. – Алматы: «Ан арыс» баспасы, 2015. – 232 б.
Қазақтың көрнекті ақыны, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қастек Баянбайдың жаңа жинағына енген өлең-дастандары екі қоғам өлі арасындағы адам тағдыры туралы толғаныстарға толы.